Біз туралы » Страница 5 » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 5
«Еңбек ардагері» медальі
09
қазан
2023
«Еңбек ардагері» медальі
Лицейіміздің оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәжірибелі ұстаз Кокебаева А.К Оқу-ағарту министірлігінің «Еңбек ардагері» медальімен марапатталды, құттықтаймыз!
"Алматының жыл мұғалімі - 2021
09
қазан
2023
"Алматының жыл мұғалімі - 2021
5 қазан ұстаздар мерекесіне орай "Ұстаз" кәсіподақ ұйымы ұстаздық жолда табысты еңбек етіп жүрген ұстаздардың суретін қала көшелеріне ілді. Осындай бастама аясында лицейіміздің білікті ұстазы, "Алматының жыл мұғалімі - 2021", Х Халықаралық педагогикалық олимпиаданың жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлының суреті Төле би-Әйтиев көшелерінің қиылысына ілінді. Қалалық "Ұстаз" кәсіподақ пен Алмалы Кәсіподақ филиалының ұжымына ұстаз мәртебесін, кәсіби беделін
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ
09
қазан
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ
Биылғы жылдан бастап алғаш 5 қазанда ресми түрде аталып өткен Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен шақырту алған 700-ге жуық ұстаздар І республикалық педагогтер съезіне қатысу үшін елордада бас қосты. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында ұстаз қауымына жылы тілегін білдіріп, оқытуға енгізілетін 7 актуалды мәселені көтерді. Әрқайсысына жеке тоқталып, бастаманы жүзеге асыру тапсырылды. Атап айтқанда, ауылдық жерлер мен қала мектептері арасындағы білім сапасы,
«Үздік білім беру ұйымы-2023 жыл»
09
қазан
2023
«Үздік білім беру ұйымы-2023 жыл»
Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 2015 жылдан бері «Үздік білім беру ұйымы» конкурсы өткізіліп келеді. Биылғы яғни 2023 жылдың конкурс нәтижесі бойынша білім ордасының қара шаңырағы «С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей» жеңімпаз атанып, қала әкімдігі атынан 56 млн теңге көлеміндегі грант иегері болдық. Айтулы жеңіспен лицейіміздің ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, алар асуымыз бұдан жоғарылап, лицейіміздің абыройы арта берсін дегіміз келеді. Жеңіс құтты болсын!
«Marseille open» турнирінде алтын медаль!
25
қыркүйек
2023
«Marseille open» турнирінде алтын медаль!
Францияның Марсель қаласында WKF каратэ спортынан өткен Халықаралық «Marseille open» турнирінде 13-14 жас категориясында лицейіміздің 8 «ә» сынып оқушысы Мұрат Арлан 1-орын 🥇 иеленіп алтыннан медаль тағылды, құттықтаймыз!🇰🇿
«Ең үздік мамандандырылған білім беру ұйымы 2023» статуэткасын жеңіп алды.
16
қыркүйек
2023
«Ең үздік мамандандырылған білім беру ұйымы 2023» статуэткасын жеңіп
Алматы қаласы білім басқармасы Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандандырылған лицей Дарын орталығының 25 жылдық мерейтойына орай Сүлеймен Демирел университеті қабырғасында өткізілген республикалық тамыз педагогикалық конференциясында 📣«Ең үздік мамандандырылған білім беру ұйымы 2023» статуэткасын жеңіп алды. Барша ұжымды тағы бір жетістікпен құттықтай отырып, алдағы уақытқа толағай табыстар мен жеңісті күндер тілейміз!
FIRST GLOBAL CHALLENGE Central Asia робототехника жарысында жартылай финалға өтті.
13
қыркүйек
2023
FIRST GLOBAL CHALLENGE Central Asia робототехника жарысында жартылай
39 лицейдің оқушылары Астана қаласында қыркүйектің 6-9 дейін өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE Central Asia робототехника жарысына қатысып, екі техникалық номинация иегері атанды. Callisto 2.0 құрама командасының мүшелері Маликов Мейіржан, Амангелді Әділжан және Қазбекова Амина KazGASA мектебімен бірлесе отырып, “The best engineering documentation award”, лицей оқушысы Сүлеймен Ескендір American Space Almaty атынан “Innovation in engineering award” жетістігіне жетті! Жарыс соңында жартылай финалға
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді.
12
қыркүйек
2023
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бүгін, 9 қыркүйек – “Тоғызқұмалақ”мерекесі күніне орай Алматыда жаппай ойын өтті, оған 2028 оқушы қатысты. Мектебіміздің оқушылары: Қорабай Адема Иманали Саида Кинерал Енлик Мекембай Алинұр Қабылтай Нұрлыхан Қуан Ағыбай Бауыржанқызы Елигай Шайыхова Камила Алтай Дінмұхаммед Адильханов Алибек қатысып үздік өнер көрсетіп, Қазақстанның Гиннестік рекордттар кітабына енді. Тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Айнабекова Гульсум Нурлановна.
Жалпықалалық сейсможаттығу
12
қыркүйек
2023
Жалпықалалық сейсможаттығу
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушылары мен ұстаздары 11 қыркүйек күнгі жалпықалалық сейсможаттығуға белсенді қатысып, АӘД пәнінің мұғалімі Еркебұлан Жақсылықұлы жер сілкінісі немесе табиғи техногендік апат жағдайындағы қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
Дарынды балаларды оқытуда елеулі үлес қосқан үшін лицей директоры  марапатталды
16
тамыз
2023
Дарынды балаларды оқытуда елеулі үлес қосқан үшін лицей директоры
Лицейіміздің директоры Найла Тоқтамұратқызын кезекті медальімен құттықтаймыз, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмыста үлкен табыстар мен жетістіктер тілейміз!