РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ
09
қазан
2023

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ

Биылғы жылдан бастап алғаш 5 қазанда ресми түрде аталып өткен Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен шақырту алған 700-ге жуық ұстаздар І республикалық педагогтер съезіне қатысу үшін елордада бас қосты.

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында ұстаз қауымына жылы тілегін білдіріп, оқытуға енгізілетін 7 актуалды мәселені көтерді. Әрқайсысына жеке тоқталып, бастаманы жүзеге асыру тапсырылды. Атап айтқанда, ауылдық жерлер мен қала мектептері арасындағы білім сапасы, мектептердің салынуы, мектептегі қауіпсіздік, ұстаз біліктілігін арттыру, білім сапасы жөнінде сөз етілді.

Лицейіміздің білікті ұстаздары Бектурганова Г.Д., Динабекова А.А. съезде қатысу мүмкіндігіне ие болып,
тамаша әсермен оралды!