“Almaty Ustazy 2022” » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Almaty Ustazy 2022”
04
мамыр
2023

“Almaty Ustazy 2022”

“Almaty Ustazy 2022” атты жас ұстаздарға арналған ауқымды байқаудың үздік финалисті атанған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динабекова Алина Айбековна Финляндия елінде 140 сағаттық академиялық тағылымдамадан өтті! 🇫🇮📚🇰🇿
Білім жүйесі озық саналатын Финляндия елінің оқытуға енгізген жаңаша реформасын, сабақтағы әдіс-тәсілдерін, ерекше қолданыстағы инновациялық технологияларын, ұстанымдарын, ұстаз бен оқушы арасындағы қарым-қатынас формуласын, функционалдық сауаттылыққа негізделген сабақтарын танып, көптеген қызықты және шабыттандыратын ақпараттар алып, тың идеялармен оралды.
Жаңа ел - жаңа таным! Бұл тағылымдама ұстазымызға кәсіби өсуге, оқуда өзгерістер енгізуге, жаңа мақсаттар қойып, алға тағы да қадам жасауға берілген мүмкіндік деп білеміз!
Алина Айбековна, “ұстаз” деген ұлы есімді жоғарыдан ұстап жүруіңізге тілектеспіз! Ұжым атынан шығармашылық табыс тілейміз!