"Педагог-шебер - озат тәжірибе" бағдарламасы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Педагог-шебер - озат тәжірибе" бағдарламасы
26
тамыз
2022

"Педагог-шебер - озат тәжірибе" бағдарламасы

Қалалық "Педагог-шебер - озат тәжірибе" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Алматы қалалық "Ақылды сабақ - білім сапасын көтеру" жобасына  лицейдің үш мұғалімі байқау Ережесіне сәйкес мектепте үздік деп танылған сабақтарының бейнесабақтарын жіберіп қатысты. Қалалық жоба-байқауға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динабекова А.А. 2-орынды иеленіп,  Алматы қ. ББ ҚББЖТ ҒӘО-ның ІІ дәрежелі Дипломымен, физика пәнінің мұғалімі Омарғали А.М. 3-орынды иеленіп, ІІІ дәрежелі Дипломмен және физика пәнінің мұғалімі Жумагулова А.Ж. "Құрмет грамотамен" марапатталды.      Үш ұстазымыз да қала бойынша  үздік 20 сабақтың қатарына еніп, YouTube каналына қыркүйек айында  сабақтары жарияланады.     Ұстаздарымызға тек қана сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз. Құттықтаймыз!