Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Эстетикалық гимнастикадан 1-орын
11
сәуір
2023
Эстетикалық гимнастикадан 1-орын
11 “А” сынып оқушысы Абибулла Сәнім Алматы каласының чемпионатынан эстетикалық гимнастикадан 1-орынды иеленді. Құттықтаймыз👍🏼👏👏👏
“Жұмақанов лигасында”республикалық жарыстың 3-орын
05
сәуір
2023
“Жұмақанов лигасында”республикалық жарыстың 3-орын
Кеше біздің лицейіміздің 8 “В” сынып оқушысы Турарбек Нұрлыжан дзюдодан жасөспірімдер арасындағы “Жұмақанов лигасында”республикалық жарыстың 3-орын🥉жүлдегері болды. Құттықтаймыз!!!🥳 Жеңістен жеңіске жете бер Нұрлыжан!
“Большие надежды” жарысында каратэден 2-орын
05
сәуір
2023
“Большие надежды” жарысында каратэден 2-орын
 Кеше біздің тағы 8 “В” сынып оқушысы Оралбайұлы Жәнібек те балалар мен жасөспірімдер арасынан өткен “Большие надежды” жарысында каратэден 2-орын 🥈жүлдегері атанды! Құтты болсын!🥳Жеңістен жеңіске жете бер Жәнібек! Чемпиондар сыныбы жасасын!
Республикалық олимпиада жүлдегерлері
04
сәуір
2023
Республикалық олимпиада жүлдегерлері
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиададан биология пәні бойынша Аймагамбетов Алан 2-орын Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада математика пәні 3-орын, Бакиров Мирас 11-сынып, математика пәні 3-орын, Дидарбекова Анар 9-сынып. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
“Кәсіптік білім: табысқа жету жолу” атты қалалық hackathon байқауынан 1-орын!
03
сәуір
2023
“Кәсіптік білім: табысқа жету жолу” атты қалалық hackathon байқауынан
Оқушыларымыз Казбекова Амина және Амангелді Әділжан сайт және мобильді қосымша жасау “Кәсіптік білім: табысқа жету жолу” атты қалалық hackathon байқауында 24 сағат ішінде Нархоз университетінің төңірігінде “Кез келген адам Қазақ бола алады” атты жобамен Қазақстан мәдениетін цифрландыру тақырыбында 1 орын иеленіп, Нархоз колледжіне грант ұтып алды. Құттықтаймыз👏🏻 Жетекшісі: Мустафин Сабыржан Булатұлы.
"Алматы дарыны" гран-при жүлдесінің жеңімпазы!
17
наурыз
2023
"Алматы дарыны" гран-при жүлдесінің жеңімпазы!
"Алматы дарыны" дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен Каспий қоғамдық университеті бірігіп қала бойынша 9-сынып оқушылары арасында өткен көптілді қалалық олимпиадада Гран-при жүлдесін лицейіміздің 9 “А” сынып оқушысы Кенесары Жанет иеленді. Жанетті және жетекшісі Гүлбақыт Сыдықовнаны құттықтаймыз
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақтан» қалалық олимпиадада 1-орын.
16
наурыз
2023
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақтан» қалалық олимпиадада 1-орын.
Лицейіміздің 11 «б» сынып оқушысы Жазайбек Алихан Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақтан» 9-11 сынып ұлдар арасындағы қалалық олимпиадада 1-орынды иеленді. Құттықтаймыз👍🏼👏👏👏 5-6 сәуірде Астана қаласында Республикалық деңгейде өтетін жарысқа жолдама алды. Сәттілік дегіміз келеді!!! 🇰🇿Жетекшісі: Эрнстова Р.
Республикалық “Жыл оқушысы” байқауының жүлдегерлері
01
наурыз
2023
Республикалық “Жыл оқушысы” байқауының жүлдегерлері
10-сынып оқушылары Бекен Айгерім (жетекшісі - Дюсебаева А.А.) Республикалық “Жыл оқушысы” байқауының аудандық кезеңінің 1-орын жүлдегері, Маркс Алихан (жетекшісі - Баимбетова Р.А.) 8-11 сыныптар арасында Республикалық “ Әбіш оқулары” байқауының аудандық кезеңінің 3-орын жүлдегері, 9 сынып оқушысы Сәрсенбай Бейбарыс (Байкожаева Ж.М.) Республикалық “Ақберен” өнер байқауының аудандық кезеңінің 3-орын жеңімпаздарын құттықтаймыз. “Өнер қанат, білім санат” демекші, өнерлерің өрге жүзсін👏👏👏👏
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “Shoqan Ecology” ғылыми форумының жүлделі 3-орын иегері
27
ақпан
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “Shoqan Ecology” ғылыми форумының жүлделі 3-орын иегері
25-26 ақпан аралығында Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектепте өткен оқушылардың РЕСПУБЛИКАЛЫҚ “Shoqan Ecology” ғылыми форумының жүлделі 🏆3-орын иегері және 100 мың теңге ақшалай сыйлық Ырысбек Нұрғалым. 📁Жетекшісі: Тукбаев Жамали Төлегенұлы.