Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты қалалық Мұқағали оқулары
11
наурыз
2021
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты қалалық Мұқағали оқулары
5-11 сыныптар аралығында өткізілген М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты қалалық Мұқағали оқуларына қатысқан 6-сынып оқушысы Парух Аяна 1-орын, 5-сынып оқушысы Масымхан Саламат 2-орын, 9-сынып оқушысы Берік Аяулым 3-орындарды иеленіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оқушыларын жан-жақты дайындап, жетекшілік еткен ұстаздар: қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Баимбетова Р.А., Динабекова А.А., Караева Н. Марапаттар құтты болсын.
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
24
ақпан
2021
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
Лицейдің 5 А сынып оқушысы Исабек Амаль Республикалық "Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауында мәнерлеп оқу бағыты бойынша қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.А. Динабекова. Құттықтаймыз!!!
"Алтын сақа"  олимпиадасы
15
ақпан
2021
"Алтын сақа" олимпиадасы
2021 жылдың қаңтар айында "Зерделі" оқу орталығы ұйымдастырған 5-6 сынып оқушыларына арналған математикадан "Алтын сақа" олимпиадасына 5 Б сынып оқушысы Алатау Мақпал қатысып, 3 орынға ие болды. Жеңімпазға 5000 теңгенің сертификаты тапсырылды. Құттықтаймыз!!!
Қалалық “Алтын  сақа” олимпиадасында лицейдің 5-6 сынып оқушыларының командасы Бас жүлде алды
11
ақпан
2021
Қалалық “Алтын сақа” олимпиадасында лицейдің 5-6 сынып оқушыларының
Еркебұланұлы Али 6 "Ә" сынып, 1 орын Жарас Айғаным 6 "Ә" сынып, 2 орын Алатау Макпал 5 "Б" сынып, 3 орын Бектас Шахнұр 5 "В" сынып, грамота алды! Құттықтаймыз!
Халықаралық " BRITISH BULLDOG" байқауы
03
ақпан
2021
Халықаралық " BRITISH BULLDOG" байқауы
9 "Ә" сынып оқушысы Оразхан Жанерке ағылшын тілінен Халықаралық " BRITISH BULLDOG" байқауының 2-орын жүлдегері, ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды. Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Касымова А.Б. Құттықтаймыз!!!
Халықаралық онлайн олимпиада
30
қаңтар
2021
Халықаралық онлайн олимпиада
Лицейдің 11 "А" сынып оқушысы Даниял Әмірхан орыс тілі пәнінен халықаралық онлайн олимпиадаға қатысып, 1-орын жүлдегері атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі Ахметжанова Ж.К. Жоғары дәрежелі марапаттарымыз көп болсын. Құттықтаймыз!
"Шексіз математика" халықаралық олимпиадасы
27
қаңтар
2021
"Шексіз математика" халықаралық олимпиадасы
Лицейдің 5 Б сынып оқушысы Арманұлы Уәли "Шексіз математика" халықаралық олимпиадасына қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Ағылшын тілінен Халықаралық конкурс
26
қаңтар
2021
Ағылшын тілінен Халықаралық конкурс
Ағылшын тілінен Халықаралық конкурстың 1-орын жеңімпазы, І дәрежелі Диплом иегері 5б сынып оқушысы Мақпал Алатау және 3-орын жеңімпазы, ІІІ дәрежелі Диплом иегері Алдияр Бекжан, жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мырзагулова Жансұлу Нурлановна. Жеңістеріміз еселене берсін!
«VEX IQ» халықаралық чемпионаты
12
қаңтар
2021
«VEX IQ» халықаралық чемпионаты
Лицейдің 5 А сынып оқушысы, мүшесі- Нурахмет Адилет («1729K-AK-Team» командасы), робототехникадан «VEX IQ» халықаралық чемпионатында жүлделі 1 орынға ие болып, АҚШ-та өтетін жарысқа жолдама алды. Құттықтаймыз!
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
24
желтоқсан
2020
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
Лицейіміздің 5 сынып оқушысы Шаймұхамедов Арнұр "Ақ көгершін" балалар қорының ұйымдастыруымен өткен "Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында І дәрежелі дипломант атанып, жеңілдік сертификатына ие болды. "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі М.Б.Сақтағанов. Құттықтаймыз!!!!