Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 28
“Қосбатыр клубы” ұйымдастырған Дзюдо күресі
19
сәуір
2021
“Қосбатыр клубы” ұйымдастырған Дзюдо күресі
Лицейдің 5 "Ә" сынып оқушысы Мейрамбек Ануар “Қосбатыр клубы” ұйымдастырған Дзюдо күресінен 2-орынға ие болды. Ануарды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық қашықтық олимпиадасы
15
сәуір
2021
Республикалық қашықтық олимпиадасы
Лицейдің математика пәнінің мұғалімі Адырова Райгүл Әбдіманапқызының оқушылары математикадан Республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, жүлделі 1, 2, 3- орындардың жеңімпаздары атанып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Nasa Space Apps challenge халықаралық хакатон
15
сәуір
2021
Nasa Space Apps challenge халықаралық хакатон
Лицейдің 11 сынып оқушысы Мүптеке Марғулан Nasa Space Apps challenge халықаралық хакатонда 1 орынды иеленіп (робототехника), өткен оқу жылында осы байқаудан оқушыларымыз телескоп ұтып алған болатын, ендігі кезекте Марғұлан 150 000 теңге ақшалай сыйлық ұтып алды. Жетекшісі: Мустафин С.Б. Жетістіктен жетістікке жете бер дегіміз келеді, құтты болсын!!!
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
14
сәуір
2021
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
2021жылдың 10-12 ақпан айында өткен Республикалық ғылыми жоба конкурсына қатысқан лицейіміздің 11 сынып оқушылары Мухаметжанова Аида І дәрежелі дипломмен, Майдан Айсұлтан мен Мақсұт Дамир ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 9 сынып оқушысы Тузелбаева Алуа грамотаға ие болды. Жеңістер құтты болсын!
"Дарын" Республикалық орталығының "Тарих ата" 5-9 сыныптар арасында өткен республикалық қашықтық олимпиадасы
14
сәуір
2021
"Дарын" Республикалық орталығының "Тарих ата" 5-9 сыныптар арасында
Лицейдің 7 А сынып оқушысы Айту Алим және 7 Ә сынып оқушысы Козыбек Аружан "Дарын" Республикалық орталығының "Тарих ата" 5-9 сыныптар арасында өткен республикалық қашықтық олимпиадасының 1-ші кезеңінің 2-ші және 3-ші орын жеңімпаздары атанды. Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Атыгаев А.А. Құттықтаймыз!!!
«Қауіпсіз интернет»
14
сәуір
2021
«Қауіпсіз интернет»
Лицейде 4 сәуір – Халықаралық интернет күніне орай 5-19 сәуір аралығында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Қауіпсіз интернет» кампаниясы бойынша танымдық сағаты өткізілді. Аталмыш кампанияның мақсаты – кәмелетке толмағандардың ортасында интернет ресурстарды қолдану мәдениетін қалыптастыру, балалардың интернетке кіру белсенділігін бақылауға қатысты интернет-қызметтерде ересек қолданушылардың жауапкершілігін жоғарылату үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
"Jeyran" командасының ойыншылары
07
сәуір
2021
"Jeyran" командасының ойыншылары
Лицейдің 5 А сынып оқушысы Маулет Арыстан және 6 Б сынып оқушысы Сапарханов Альсеит Түркия мемлекетінің Анталия қаласында өткен футболдан халықаралық турнирде жас ерекшеліктеріне байланысты Маулет Арыстан командасы 1 орын, Сапарханов Альсеит командасы 2 орын алды. Екі оқушымыз да "Jeyran" командасының ойыншылары. Жеңіс құтты болсын!
"Әл-Фараби-2021"  олимпиадасы
06
сәуір
2021
"Әл-Фараби-2021" олимпиадасы
Лицейдің 11 сынып оқушысы Мухаметжанова Аида географиядан Халықаралық "Әл-Фараби-2021" олимпиадасына қатысып 2-орын жүлдегері атанды. Оқушыларына саналы тәрбие, сапалы білім берген жетекшісі география пәнінің мұғалімі А.Т Естемесова. Құттықтаймыз!!!