Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 30
Қалалық “Алтын  сақа” олимпиадасында лицейдің 5-6 сынып оқушыларының командасы Бас жүлде алды
11
ақпан
2021
Қалалық “Алтын сақа” олимпиадасында лицейдің 5-6 сынып оқушыларының
Еркебұланұлы Али 6 "Ә" сынып, 1 орын Жарас Айғаным 6 "Ә" сынып, 2 орын Алатау Макпал 5 "Б" сынып, 3 орын Бектас Шахнұр 5 "В" сынып, грамота алды! Құттықтаймыз!
Халықаралық " BRITISH BULLDOG" байқауы
03
ақпан
2021
Халықаралық " BRITISH BULLDOG" байқауы
9 "Ә" сынып оқушысы Оразхан Жанерке ағылшын тілінен Халықаралық " BRITISH BULLDOG" байқауының 2-орын жүлдегері, ІІ дәрежелі Диплом иегері атанды. Жетекшісі: ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Касымова А.Б. Құттықтаймыз!!!
Халықаралық онлайн олимпиада
30
қаңтар
2021
Халықаралық онлайн олимпиада
Лицейдің 11 "А" сынып оқушысы Даниял Әмірхан орыс тілі пәнінен халықаралық онлайн олимпиадаға қатысып, 1-орын жүлдегері атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі Ахметжанова Ж.К. Жоғары дәрежелі марапаттарымыз көп болсын. Құттықтаймыз!
"Шексіз математика" халықаралық олимпиадасы
27
қаңтар
2021
"Шексіз математика" халықаралық олимпиадасы
Лицейдің 5 Б сынып оқушысы Арманұлы Уәли "Шексіз математика" халықаралық олимпиадасына қатысып, 3 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Ағылшын тілінен Халықаралық конкурс
26
қаңтар
2021
Ағылшын тілінен Халықаралық конкурс
Ағылшын тілінен Халықаралық конкурстың 1-орын жеңімпазы, І дәрежелі Диплом иегері 5б сынып оқушысы Мақпал Алатау және 3-орын жеңімпазы, ІІІ дәрежелі Диплом иегері Алдияр Бекжан, жетекшісі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мырзагулова Жансұлу Нурлановна. Жеңістеріміз еселене берсін!
"Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы"
14
қаңтар
2021
"Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы"
"Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы" тақырыбында қыздар жиналысы болып өтті. Жиналысқа №31 емхананың акушер гинекологы-Алькеева Баян Сериковна, директордың ТІЖО - Р.Б.Жусупова, лицей психологы-М.М.Мырзагалиева, лицей медбикесі-С.Т.Садвакасова қатысты. Жиналыста қыз баланың қадір-қасиеті, өзін-өзі ұстауы, тазалығы және қоғамдағы орны жайлы айтылды.
"Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"
14
қаңтар
2021
"Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі"
Бүгін лицейде "Ұл тәрбиесі-ұлт тәрбиесі" тақырыбында 8 сыныптың ұлдарына арналған жиналыс болып өтті. Жиналысқа Алмалы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ-ң полиция майоры, лицей инспекторы-М.О.Симова, лицейдегі "Абай әлемі" танымдық бұрышының авторы, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі-Н.Б.Аманов және директордың ТІЖО Е.У.Ылясов қатысты. Жиналыста Абай Құнанбайұлының еңбектеріндегі ұрпақ тәрбиесі жайлы, ұлдардың отбасы және Отан, заң алдындағы жауапкершілігі жайлы айтылды.
«VEX IQ» халықаралық чемпионаты
12
қаңтар
2021
«VEX IQ» халықаралық чемпионаты
Лицейдің 5 А сынып оқушысы, мүшесі- Нурахмет Адилет («1729K-AK-Team» командасы), робототехникадан «VEX IQ» халықаралық чемпионатында жүлделі 1 орынға ие болып, АҚШ-та өтетін жарысқа жолдама алды. Құттықтаймыз!
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
24
желтоқсан
2020
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
Лицейіміздің 5 сынып оқушысы Шаймұхамедов Арнұр "Ақ көгершін" балалар қорының ұйымдастыруымен өткен "Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында І дәрежелі дипломант атанып, жеңілдік сертификатына ие болды. "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі М.Б.Сақтағанов. Құттықтаймыз!!!!
"JEYRAN" футбол командасы
21
желтоқсан
2020
"JEYRAN" футбол командасы
Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған футболдан республикалық турнирде "JEYRAN" футбол командасының ойыншысы, лицейдің 5 А сынып оқушысы - Маулет Арыстанды 1 орын командалық жеңісімен құттықтаймыз!