Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы”
16
қаңтар
2023

“Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы”

Халқымыз “Кітап - білім бұлағы, білім - өмір шырағы” деп бекер айтпаған. Кітап оқу арқылы ой-өрісіміз кеңейіп, зейініміз ашылады. Ерте жастан кітап оқыған бала озар… Осы ұранды негізге ала отырып, лицейіміздің оқушыларының зейінін ашу мақсатында лицей кітапханасына жаңадан кітаптар әкелінді. 📚 Кітаптар алуан түрлі.
📎 Тарихымыздың кемел тұлғалары Ыбырай Алтынсарин, “Мәңгілік тұлға - Ұлы Абай”, “Тұңғыштар” атты деректі кітаптар;
📎 Қазақ этнографиялық, яғни ұлттық бұйымдар, ұлттық киім және салт-дәстүрлер жайлы энциклопедиялар;
📎 Қазақ ертегілері мен көне эпосы, оған қоса аударылған шетел әдебиеттері (әлемге әйгілі “Хәрри Поттердің” барлық бөлімдері, танымал орыс жазушыларының туындыларының аудармалары);
📎 Энцоклопедиялар арасында “National Geographic” бөлімдері;

Балаларды кітап оқуға қызықтыруға арналған балалар әдебиеті;
Әр оқушыға ұнайтын алуан түрлі жанрдағы кітаптар;

Бұл кітаптардың барлығы лицей кітапханасында қолжетімді.