28
қараша
2024
5-8 сынып ата-аналарына арналған “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті


27 қараша күні 5-8 сынып ата-аналарына арналған “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті. Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарды балалардың тұлғалық дамуына әсер ететін тәрбиенің тиімді тәсілдерімен таныстыру, олардың оқу-тәрбие процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету болды. Жиналыс барысында ата-аналарға балалармен қарым-қатынас жасаудағы заманауи әдістер ұсынылып, балаға ақыл айту арқылы емес, дұрыс жол көрсетіп, үлгі болудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, педагогтар ата-аналарға бала тәрбиесінде эмоционалдық қолдау көрсетудің қажеттілігін, сондай-ақ жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай психологиялық қажеттіліктерін түсіндірді.
Осындай шаралар отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекетті нығайтуға және оқушылардың сәтті дамуына оң ықпал етеді. @oqu_agartu_ministrligi @meruert.69 @edu.almaty @sairan.saifedenov @mnurymbetov #біртұтастәрбие