Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Буллингтен қорған” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді
18
қараша
2024

“Буллингтен қорған” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді



18 қараша күні лицейімізде “Буллингтен қорған” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Осыған сәйкес бұл аптаның дәйексөзі “Жауапкершілік- адамгершілік қасиеттің көрінісі” болды. Тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушыларды буллингтің мәні мен оның салдарымен таныстыру, оларға буллинг жағдайларында өзін қалай ұстау керектігін түсіндіру, сондай-ақ мектепте қауіпсіз және қолайлы орта құруға ықпал ету болды. Оқушыларға буллингтің психологиялық, физикалық және кибербуллинг түрлері түсіндіріліп, оның құрбандарына қандай зиян тигізетіні жайлы айтылды. Сабақ барысында оқушылар буллингтен қорғаудың тиімді әдістерімен танысып, жағдайға қалай дұрыс әрекет ету керектігін талқылады. Бір-біріне қолдау көрсетудің маңыздылығы мен досқа көмектесудің жолдары айтылып, оқушылардың өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас орнатуы мақсат етілді. Талқылау барысында оқушылар өмірден алынған мысалдармен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, жол таңбаларының мақсаты туралы сабақтар да ұйымдастырылды. Бұл сабақтарда оқушылар жол ережелерін сақтау және жолдағы қауіпсіздік шараларын білу маңыздылығымен танысты. Жол таңбаларының әр түрлілігі мен олардың мағынасы түсіндіріліп, оқушылар жолда қауіпсіз жүру мәдениетінің негіздерімен танысты.