Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9-11 сыныптарға арналған “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
28
қараша
2024

9-11 сыныптарға арналған “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.



28 қараша күні 9-11 сыныптарға арналған “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналыста жасөспірімдерге қолдау көрсету мен олардың болашағына оң әсер ету жолдары талқыланды. Ата-аналардың бала тәрбиесінде бағыт-бағдар берудің маңызы ерекше атап өтілді. Жиналыста маңызды мәселелердің бірі – буллинг тақырыбы қарастырылды. Ата-аналарға мектептегі буллингтің алдын алу, балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың эмоциялық жағдайына назар аудару туралы кеңестер берілді. Бұл мәселені шешуде ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен әрекетінің маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, ҰБТ-ға дайындық үдерісі талқыланып, соңғы өзгерістер мен жаңалықтар түсіндірілді. Оқушылардың сынаққа сапалы дайындалуы үшін қажетті ресурстар ұсынылып, ата-аналардың қолдауы мен ынталандыруының рөлі ерекше атап өтілді. Жиналыс барысында ата-аналар өз сұрақтарын қойып, мектеп тарапынан нақты ақпараттар мен пайдалы кеңестер алды. @oqu_agartu_ministrligi @meruert.69 @edu.almaty @sairan.saifedenov @mnurymbetov #біртұтастәрбие