26
желтоқсан
2024
ҰСТАЗ ФИЛЬМ

Бүгін С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінің ұстаздары “Ұстаз” фильмін бір деммен көріп шықты. Фильмнен кейін әріптестер өз пікірлерімен бөлісіп, “Ұстаз” көркем фильмі мұғалімнің шәкірт тәрбиелеудегі ерен еңбегінің бағаланып, “Ұстаз” деген ұлағатты мамандықтың мәртебесін көтеруге елеулі үлес қосатынын атап өтті. Бұл аталмыш фильмді қоғамда кеңінен насихаттап, ұстазын құрметтейтін әрбір жанның көруіне ықпал ету керектігі айтылды. Осы фильмді түсіруге қолдау көрсеткен ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен режиссер Ерлан Ұшақпаевқа, кейіпкерлерді өте шебер сомдаған актерлік құрамға алғыс білдіреміз.