27
қаңтар
2025
“Адалдық сағатының” онкүндігі

27.01.2025 – “Адалдық сағатының” онкүндігі
27 қаңтар күні лицейімізде “Адалдық сағатының” онкүндігі бастау алды. Бұл шара аясында оқушылармен адалдық, әділдік және парасаттылық тақырыптарына арналған тәрбие сағаттары өтті. 🌟
Сабақтарда адамгершілік құндылықтары, адал еңбек пен жауапкершіліктің маңыздылығы талқыланып, өмірлік мысалдар арқылы оқушылардың ой-санасына әсер ету көзделді. Әр бала адалдықтың қоғамдағы рөлін түсініп, оны өз өмірінде қолданудың маңыздылығын терең сезінді.
📌 Адалдық – табысты қоғамның басты негізі.