Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Естеліктер кеші
17
ақпан
2025

Естеліктер кеші




«Естеліктер кеші»

14 қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұстаздары мен шығармашылыққа жаны жақын оқушылардың қатысуымен бір аптаға созылған Мұқағали апталығының қорытынды кеші өтті.

Кеш барысында қатысушылар жылы шеңбер құрып, ақынның жүрек тербетер жырларынан үзінді оқыды. Әрбір өлең талданып, философиялық тұрғыда сараланып, бүгінгі күнмен байланыстырылды. Ақынның күнделігінен сыр шертіліп, оның ойлары мен сезімдері талқыланды.

Сондай-ақ, ақын өмірі мен шығармашылығына арналған деректі және көркем фильмдер көрермен назарына ұсынылып, көрген әсерлерімен бөлісті. Жылы жүздесуде ақын өміріне қатысты қызықты естеліктер айтылып, әркім өз көкейіндегі ойларын ортаға салды.

Кеш соңында қатысушылар ақынның өлеңдерін қайта оқып, жүректен шыққан сырлы сөздер мен мәңгілік естеліктерге куә болды.

Өлең – өмір, естелік – мәңгілік.
Рухани азық сыйлаған осындай кештер жиі өтсін деген тілекпен тарқастық.