18
ақпан
2025
Лицейімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған апталық қорытындыланып, шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды



17 ақпан күні лицейімізде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған апталық қорытындыланып, шараға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Апталық барысында оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, шығармашылығына арналған көрмелер мен әдеби кештерге қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Белсенділік танытқан оқушылар алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, Мұқағали поэзиясының құндылығын тереңірек түсінуге ықпал етті.