Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей ұжымы мәдени демалыста
08
сәуір
2025

Лицей ұжымы мәдени демалыста



1 сәуір күні лицейіміздің ұстаздары мен оқушылары қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының шығармасына сахналанған театр қойылымына барып, рухани кештің куәсі болды.

“Қара сөздер” – Абайдың терең ойы мен адамгершілік ілімін арқау еткен кемеңгер туындысы. Сахна төрінде сол заманның болмысы, Абайдың жан айқайы, даналығы мен өмірлік философиясы көрініс тауып, көрермендерді толғандырды.

Бұл әсерлі қойылым оқушыларға Абай сөзінің мәңгілік екенін тағы бір дәлелдеді. Ұлы ақынның мұрасы – ұлттық рухымыздың темірқазығы