08
сәуір
2025
Астана қаласында өткен “Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” Республикалық байқауда ұстазымыз 1-дәрежелі дипломмен марапатталды





Алматы қаласы білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Турысбекова Алия Кыдыргажиновнаның жетекшілігімен математикалық және оқу сауаттылығы бірлігінде өткен Алматы қаласының командасы Астана қаласында өткен байқауда жеңімпаз атанды!🏅🏅🏅
Лицейіміздің математика пәнінің мұғалімі Өмірзақ Мағжан Қалымжанұлы ҚР Оқу-ағарту министрлігі тарапынан ұйымдастырылған Астана қаласында өткен “Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” Республикалық байқауда ТОПТЫҢ КАПИТАНЫ болып, капитандар жарысында 1-ОРЫНДЫ🥇 иеленсе, командалық жарыста Алматы қаласының командасы топтық жарыста республика бойынша финалдық кезеңде 2-орынды 🥈иеленді.
Жарысқа 20 команда қатысып, 7 команда топ жарып, соның ішінен Алматы қаласының мұғалімдері биіктен көрініп, педагогикалық шеберліктерін көрсете білді
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІНІҢ І дәрежелі Дипломымен Мағжан жеке өзі марапатталса, Алматы қаласы командасы
ІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Мағжанның бұл байқауда жеңімпаз болатынына сеніміміз мол болған. Алматы қаласы, жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Керемет жетістік!
Құтты болсын!
Құттықтаймыз