14
қаңтар
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей
Мекеменің толық атауы: Алматы қаласы Білім басқармасының «Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
-Алматы қаласы, Алмалы ауданында орналасқан Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей 1933 жылы құрылған;
-2009 жылға дейін орыс мектебі болған. ҚР Үкіметінің 03.10.2003 ж. №1021 қаулысы бойынша мектеп С.А.Ходжиков есімі берілген;
-2009 жылы Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 қазақ тілінде білім беретін физика-математикалық лицейі болып өзгертілді, Алматы қаласы әкімдігінің 05.08.2009 жылғы №4/479 қаулысы;
-2014 жылы мамандандырылған лицей статусы беріліп (Алматы қаласы әкімдігінің 05.09.2014 ж. №3/717 қаулысы), «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандандырылған білім беру ұйымдары желісіне қосылды.
Лицейдің бағыты: физика-математикалық
Лицей мекен-жайы: Төле би 74/1
Лицей сайты: http://39.alschool.kz
Лицей инстаграмы: lyceum39
Мектептің жалпы ауданы - 5395,7 кв.м.
Жобалық сыйымдылығы – 650 оқушы
Лицензия: Білім беру қызметімен айналысуға – 21.10.2014 ж.
№KZ67LAA00003360
Лицензия: Медициналық қызмет – 16.10.2014 ж. №14015604
Лицей директоры: Маликова Найла Токтамуратовна, 16.11.2018 ж.
бұйрық №118, басшы-менеджер санаты бар 02.09.2022ж. Б №394
Оқушылар саны – 931
Сыныптар саны – 31 (5-11 сынып)
Оқу кабинеттерінің саны – 45
Мұғалімдердің саны – 82
Лицей жетістіктері:
-"Алматы қаласының 2023 жылғы орта білім беретін үздік ұйымы" конкурсының жеңімпазы атанып,56 000 000 тг грантын жеңіп алды;
-Республика көлемінде "Үздік мамандандырылған Білім беру ұйымы" номинациясының жеңімпазы, 2023 жыл;
-«Central Asia First Championship – 2023» чемпионатында Робототехникадан лицей командасы «Үздік команда» номинациясына ие болды, 2023 ж.
-Қалалық Дене шынықтыру және спорт оқу тәжірибелік орталығының Құрмет грамотасы, 2023 ж.
-«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хаты, тамыз, 2022 ж
-"Алтын сақа" олимпиадасы бойынша "Алтын сақа" кубогының 2 жыл қатарынан иегері
2021,2022 ж
-ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстанның «Үздік 100 мектебі» қатарына кірді, 2022 ж.
-Лицейдің 5-6 сынып оқушылар командасы қалалық «Алтын сақа» олимпиадасында 1-орын, 2022 ж
-Республикалық математика бағытындағы үздік 100 мектеп рейтінгісінде лицейіміз 2021-2022 оқу жылында республика мектептері ішінде 30 орын;
-Республикалық математикалық мектептер рейтингісі бойынша лицейіміз 2020-2021 оқу жылында республика көлемінде 8 орында
-Республикалық «Жас дарын» дарынды балалар орталығының Алғыс хаты, 2021 ж.
-Математикадан ауызша олимпиадасының Алматы қалалық мектепаралық ашық біріншілігінде 2-орын, 2018 ж.
-Алматы қаласының тәуелсіз сарапшыларының бағалауына сәйкес үздік 20 мектептің құрамына еніп, «МЕРЕЙЛІ МЕКТЕП-2018» номинациясына ие болды;