08
сәуір
2025
Алматы қаласында бүгін Жалпықалалық Ата-аналар жиналысы өтті.



Алматы қаласында бүгін Жалпықалалық Ата-аналар жиналысы өтті. Жиынның басты тақырыбы – “Балалардың қауіпсіздігі- біздің ортақ мүддеміз”. Шараға білім беру мекемелерінің басшылары, мұғалімдер, ата-аналар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп ішіндегі және мектептен тыс ортадағы құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары қарастырылып, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мамандар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін проблемалар мен олардың себептеріне тоқталып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Ата-аналарға баланың психологиялық жай-күйін бақылаудың маңыздылығы, интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіптер туралы ақпарат берілді. Жиын қорытындысында ата-аналар мен мектеп ұжымының тығыз байланыста жұмыс істеуі – балалардың қауіпсіз әрі салауатты ортада өсуіне кепіл болатыны атап өтілді.