07
сәуір
2025
“Жүргізуші еңбегінің ерекшеліктері және оның негізгі міндеттері

2025 жылғы 7 сәуір күні “Жүргізуші еңбегінің ерекшеліктері және оның негізгі міндеттері. Заманауи көлік – жоғары қауіптілік аймағы. Қоғамдық көлік” тақырыбы аясында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға жүргізуші мамандығының жауапкершілігі мен маңыздылығы түсіндіріліп, жол қауіпсіздігі ережелері кеңінен айтылды. Сонымен қатар “Қауіпсіз ашық ойын алаңының ережелері” тақырыбы қозғалып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты талаптар мен тәртіптерге назар аударылды.