24
желтоқсан
2024
«Жаңа жылдық тарту» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді

23 желтоқсан күні «Жаңа жылдық тарту» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға Жаңа жыл мерекесінің маңыздылығын түсіндіріп, оларды мейірімділікке, сыйластыққа және ізгілікке баулу болды. Сонымен қатар, қысқы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, оқушыларға мұз айдындарындағы, қарлы жолдардағы және от жағу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпарат берілді