Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
02
желтоқсан
2024

“Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.


1-апта дәйексөзі: Бірлігі күшті ел озады. Осыған сәйкес 2 желтоқсан күні “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі маңызы түсіндіріліп, оны қорғаудың негізгі жолдары айтылды. Қоршаған ортаға қамқорлық жасауға арналған қызықты тапсырмалар орындалып, экологиялық мәселелерге қатысты пікірталас ұйымдастырылды. Оқушылар табиғатты қорғауға байланысты өз ой-пікірлерін білдіріп, оны сақтау жолдары бойынша ұсыныстар жасады. Сонымен қатар қауіпсіздік сабақтары да жүргізілді.
📌5-сыныптар: Үйге қауіпсіз оралу: қолайсыз ауа-райында не істеу керек?
📌6-сыныптар: Сіздің жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады?
📌7-сыныптар: “Цифрлық диета” челленджі: гаджеттерден қысқа уақытқа бас тарту сізге қалай әсер етеді?
📌8-сыныптар: Желідегі жас шектеулері және олар не үшін қажет?
Сабақтар барысында оқушыларға үйде, көшеде және табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі, алғашқы көмек көрсету жолдары, сондай-ақ маңызды байланыс нөмірлерін есте сақтау туралы мәлімет берілді. Бұл шаралар оқушылардың экологиялық және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға зор ықпал етті. @oqu_agartu_ministrligi @meruert.69 @edu.almaty @sairan.saifedenov @mnurymbetov