30
сәуір
2025
28.04.2025ж күні «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты



28.04.2025ж күні «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаттарының мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, ерлік пен батырлықтың мәнін түсіндіру болды. Шара барысында еліміздің тарихындағы ұлы батырлардың өмірі мен ерліктері туралы мәліметтер беріліп, олардың ұстанған асыл мұраттары үлгі ретінде көрсетілді. Оқушылар патриоттық өлеңдер оқып, сахналық көріністер қойып, өз ойларымен бөлісті. Тәрбие сағаттары барысында балалар ата-бабаларымыздың ел үшін жасаған ерліктерін мақтанышпен айтып, бүгінгі бейбіт өмірдің қадірін түсінді. Сонымен қатар “Жер сілкінісі” сияқты табиғи апаттар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары кеңінен түсіндіріліп, әр баланың өз қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімі қалыптасты.