Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейіміз еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектептер тізімінде
29
мамыр
2025

Лицейіміз еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектептер тізімінде



🏆 2024-2025 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің толық нәтижесін көрсету мақсатында еліміздің ең үздік 100 олимпиадалық мектебінің рейтингі жасалды.

🇰🇿 Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің жеті өңірінде ұйымдастырылып, оған 600-ге жуық мектептің 1670 оқушысы қатысты.

📈 Рейтинг арнайы формула негізінде есептелді: алтын медаль – 3 ұпай, күміс – 2 ұпай, қола – 1 ұпай ретінде бағаланды. Осы есептеу нәтижесінде республика бойынша ең жоғары ұпай жинаған 125 білім беру ұйымы анықталды.

🔍 Бұл рейтинг – оқушылардың, оларды дайындаған ұстаздар мен жаттықтырушылардың бірлескен еңбегін бағалау, сондай-ақ олимпиадалық қозғалыстың дамуына серпін беру мақсатында әзірленді.