02
қыркүйек
2025
"Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында алғашқы қоңырау мерекесі





С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей табалдырығын алғаш аттаған 5 сынып оқушыларымен 11 сыныпқа арналған "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында алғашқы қоңырау мерекесі өткізілді.
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар және оқушылар! Білім күні шын мәнінде атаулы мерекеге айналды. Бұл мейрам адам өмірінде алар орны ерекше. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балалардың жүрегінде ерекше есте қалары анық. Сол себепті олардың білім шаңырығындағы әр сағаты қызықты сабақтармен, таңғажайып жаңалықтармен ұштассын. Оқушылар мен ұстаздар үшін бірінші қыркүйек жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы болсын. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін. Оқуда да, еңбекте де алда болайық. Білім күні құтты болсын!