Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» тақырыбында тренинг өткізеді.
29
сәуір
2025

«Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» тақырыбында тренинг өткізеді.


Құрметті ұлағатты ұстаздар мен ардақты студенттер!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология институты С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейімен бірлесе отырып,
«Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» тақырыбында тренинг өткізеді.

Бұл тағылымды шарада білім мен тәрбие саласының білікті мамандары, тәжірибелі ұстаздар мен ізденімпаз студенттер бас қосып, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуы мен тұлғалық дамуы жайында мазмұнды ой қозғайды.
Жиын – педагогикалық практиканың маңызын терең түсінуге, теория мен тәжірибенің үйлесімді бірлігін тануға зор мүмкіндік.

Іс-шара туралы мәлімет:
Өтетін күні: 2025 жылғы 23 сәуір
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Достық көшесі 13,225 мәжіліс залы

Аталған тренингке 6B01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 3-4-курс студенттерін белсене қатысуға шақырамыз!

Білім мен болашақ үшін бірге болайық!