16
қыркүйек
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде қауіпсіздікке бағытталған бірлескен жаттығулар өтті






С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде қауіпсіздікке бағытталған бірлескен жаттығулар өтті
16.09.2025 ж. күні лицейімізде оқушылардың, мұғалімдер құрамының және кіші қызметкерлердің қатысуымен сейсможаттығу мен "Өрт кезіндегі эвакуация" жаттығулары біріктіріліп өткізілді.
Бұл шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдай орын алған сәтте әрбір адамның дұрыс әрі жылдам әрекет етуін, қауіпсіздік ережелерін сақтауын және өз өмірін қорғау дағдыларын қалыптастыру.
✅ Жаттығу барысында оқушылар эвакуация жолдарын меңгеріп, ұйымдасқан түрде ғимараттан шығу тәртібін пысықтады.
✅ Мұғалімдер мен қызметкерлер өз жауапкершіліктеріне сай әрекеттерін көрсетіп, тәжірибелерін арттырды.
Осындай шаралар лицей ұжымының қауіпсіздік мәдениетін нығайтып, оқушыларға өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді.