28
қыркүйек
2025
Қауіпсіздік – басты назарда!





Қауіпсіздік – басты назарда!
Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Досболова Сулушаш Акылбековна, сондай-ақ Алматы қаласы Алмалы ауданының полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, майор Малдыбаева Айганым Токтасыновна лицейіміздің 5–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесуде оқушыларға есірткінің зияны, құқықтық сауаттылық, қауіпсіздік ережелері мен қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің құқық бұзушылықтан аулақ болып, саналы азамат болып қалыптасуына бағытталған маңызды кеңестер берілді.
Бұл шараны Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Алмалы ауданының білім басқармасы бірлесе ұйымдастырды.
📌 Мұндай кездесулер оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, қауіпсіздікке бейімделуіне және жауапкершілікті сезінуге үлкен үлес қосады