09
қараша
2025
Күзгі демалыс – пайдалы демалыс!

Күзгі каникул кезінде С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Демалыста кітап оқимыз» атты акция өтті.
Акцияның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізу және оқу мәдениетін қалыптастыру болды.
Демалыс күндері лицейдің барлық оқушылары сүйікті кітаптарын оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Кейбір сыныптарда оқушылар өзара шағын пікірталастар мен кітап талқылауларын ұйымдастырды.
📖 Кітап – ең сенімді серік, ал білім – ең құнды қазына!