Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде аудандық “Тоғыз тосқауыл” жарысы өтті
03
желтоқсан
2025

С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде аудандық “Тоғыз тосқауыл” жарысы өтті





 С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде аудандық “Тоғыз тосқауыл” жарысы өтті

Бүгін С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей базасында аудандық “Тоғыз тосқауыл” жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Жарысқа ауданның әр мектебінен келген командалар қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, қозғалыс координациясын және командалық бірлігін көрсетті.

Сайыс барысында қатысушылар белгіленген кезеңдерден өтіп, тосқауылдарды бағындыруда жылдамдық пен дәлдік танытты. Әр команда бар күш-жігерін салып, тартысты дода көрсетті.

Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа қызығушылықты арттыру және мектептер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту.

Лицей әкімшілігі жарысқа қатысқан барлық командаларға, жанкүйерлерге және ұйымдастыруға атсалысқан ұстаздарға алғыс білдіреді.