09
желтоқсан
2025
Лицей мақтаныштары ағайынды Жұмаштардың жетістігі

Біздің талантты оқушыларымыз 10 ”Ә” сынып оқушысы Жұмаш Іңкәр мен 7 “В” сынып оқушысы Жұмаш Дәурен ментальды арифметикадан өткен әлем кубогында Қазақстан Республикасын абыроймен таныстырып, 26 елдің ішінде жүлделі
3️⃣-орынға ие болды.
✨Сонымен қатар, Дәурен Visual Competition санатында өзінің ерекше арифметикалық шеберлігін көрсетіп, 1️⃣-орынды жеңіп алды.
Бұл зор жауапкершілік және баға жетпес Халықаралық тәжірибе!
✨Біз дарынды оқушыларымызбен мақтанамыз!
Олардың табандылығы, рухының қуаты және дамуға деген үздіксіз ұмтылысы жаңа биіктерге бастайтын ең үлкен күш!