Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-сыныптарға арналған тренинг өтті.
24
желтоқсан
2025

5-сыныптарға арналған тренинг өтті.




Мектеп педагог-психологтерінің ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларына арналған нейрожаттығулар тренингі өткізілді. Бұл шара ең алдымен оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілетін арттыруға және оқу жүктемесі кезіндегі шаршаудың алдын алуға бағытталды. Осы мақсатта тренинг барысында ми белсенділігін ынталандыратын арнайы қозғалыс жаттығулары қолданылды. Мұндай тапсырмалар баланың ойлау жүйесін жылдамдатып, сабаққа шоғырлануын жеңілдетуге көмектеседі. Тренинг барысында оқушылар ұсынылған жаттығуларды үлкен қызығушылықпен орындап, белсенділік танытты. Бұл тәжірибе балалардың тек оқу үлгерімін қолдап қана қоймай, олардың эмоционалдық жай-күйінің тұрақталуына да оң ықпал етеді.