24
қаңтар
2026
Жеке қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі

Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушыларға арналған «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, сондай-ақ интернет пен қоғамдық ортадағы жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушыларға өмірлік маңызды қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары талқыланды. Пікір алмасу мен сұрақ-жауап арқылы оқушылардың белсенділігі артты.
Қауіпсіздікті сақтау – саналы азаматтың басты міндеті. Лицей ұжымы білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған тәрбиелік жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.