Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отаншылдық – елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі
24
қаңтар
2026

Отаншылдық – елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершіліктің айқын көрінісі










Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, көк Туымыздың әрбір желбіреуі – еліміздің жетістіктері мен азаматтарының еңбегінің нәтижесі. Спорттағы жеңістер, ғылымдағы табыстар, мәдениет пен кәсіпкерліктегі жетістіктер – барлығы Қазақстанның халықаралық беделін нығайтады.

Отаншылдық тек сөзбен емес, нақты іс-әрекетпен, ел алдындағы азаматтық парызды адал атқарумен өлшенеді. Әрбір қазақстандықтың туған елін мақтан тұтып, оның дамуына үлес қосуы – бірлігіміздің берік негізі.

🇰🇿 Көк байрағымыз – тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және ортақ мақтанышымыздың символы.