24
қаңтар
2026
«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі

«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі 🌟
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушыларға арналған «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік пен отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар адал азаматтың қоғамдағы рөлі, заңға құрмет, еңбекке адал көзқарас және жеке жауапкершілік туралы ой бөлісіп, өмірлік маңызды ұстанымдарды талқылады. Танымдық сұрақтар мен пікір алмасу арқылы оқушылардың белсенділігі артты.
Адалдықты ту еткен ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі. Лицей ұжымы әрбір білім алушының саналы, әділ әрі жауапты азамат болып қалыптасуына үнемі қолдау көрсетеді.
✨ Адал азамат – ел сенімі!