Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал азамат» – ұлт болашағының негізі
19
қаңтар
2026

«Адал азамат» – ұлт болашағының негізі


Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сынды асыл қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында адалдықтың қоғамдағы, отбасындағы және жеке өмірдегі маңызы кеңінен түсіндіріліп, оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Сондай-ақ өмірден алынған нақты мысалдар арқылы адал еңбек ету, заңды құрметтеу, өз ісіне жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды.
Іс-шара оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтып, адал әрі саналы тұлға болып қалыптасуына оң ықпал етті. Лицей ұжымы алдағы уақытта да жас ұрпақты ұлттық құндылықтар мен адамгершілік қағидаттар негізінде тәрбиелеуді жалғастырады