Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 22
Ұлттық спорт күніне орай лицейімізде ұстаздар мен оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды
20
наурыз
2025
Ұлттық спорт күніне орай лицейімізде ұстаздар мен оқушылар арасында
Ұлттық спорт күніне орай лицейімізде ұстаздар мен оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Бұл зияткерлік бәсеке қатысушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Жарыс барысында қатысушылар шеберліктерін көрсетіп, тартысты ойын өрнегін ұсынды. Шара соңында жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттар табысталды
19 наурыз – Жаңару күніне орай лицей оқушылары мектеп аумағын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды
20
наурыз
2025
19 наурыз – Жаңару күніне орай лицей оқушылары мектеп аумағын тазалау
19 наурыз – Жаңару күніне орай лицей оқушылары мектеп аумағын тазалау жұмыстарын ұйымдастырды. Олар аулада шашылған қоқыстарды жинап, ағаштардың түбін әктеп, гүлзарларды ретке келтірді. Бұл шара оқушылардың табиғатқа деген қамқорлығын арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға деген жауапкершілігін нығайтты. Сонымен қатар, мектеп айналасын көркейту арқылы олар Наурыз мерекесінің негізгі мәні – жаңару мен тазалық ұғымдарын іс жүзінде көрсетті
17 наурыз 2025 жылы мектепте “Наурыз – жыл басы” тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
20
наурыз
2025
17 наурыз 2025 жылы мектепте “Наурыз – жыл басы” тақырыбында тәрбие
17 наурыз 2025 жылы мектепте “Наурыз – жыл басы” тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын түсіндіру, ұлттық дәстүрлерді дәріптеу болды. Сабақ барысында балалар Наурыздың шығу тарихы, оны атап өту ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, осы күні қауіпсіздік сабақтары да ұйымдастырылып, “Жер сілкінісі” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларға жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау
Лицей оқушылары “Игі істер марафоны” аясында “Алматы – таза қала” тақырыбында сенбілік ұйымдастырды.
20
наурыз
2025
Лицей оқушылары “Игі істер марафоны” аясында “Алматы – таза қала”
Лицей оқушылары “Игі істер марафоны” аясында “Алматы – таза қала” тақырыбында сенбілік ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – қала тазалығына үлес қосып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру. Оқушылар мектеп ауласын, жақын маңдағы саябақтар мен көшелерді қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Олар осылайша өз қалаларының көркеюіне өз үлестерін қосып қана қоймай, экологиялық тәрбиенің маңыздылығын да сезінді. Бұл сенбілік оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоғамдық
Лицей директеоры SDU ректорының "Алғыс хатымен" марапатталды
20
наурыз
2025
Лицей директеоры SDU ректорының "Алғыс хатымен" марапатталды
Сұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушылары SDU студенттері атанып, білім жолында жаңа белестерді бағындырып келе жатқаны үшін лицейіміз және лицей директоры Маликова Найла Токтамуратовна марапатталды! Құтты болсын 
14 наурыз Көрісу күні құтты болсын!
20
наурыз
2025
14 наурыз Көрісу күні құтты болсын!
14 наурыз Көрісу күні құтты болсын! Бұл күн – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін ерекше сәт. Бір-бірімізге ақ тілек айтып, реніштерді ұмытып, мейірім мен татулықты нығайтатын мейрам. Жүректеріміз қуанышқа толып, шаңырағымыздан береке кетпесін! Ынтымағымыз бекем, дастарханымыз мол, өміріміз шаттыққа толы болсын. Әрбір жаңа күн жақсылық, сәттілік әкелсін
Лицей оқушысы Республикалық “Абай оқулары” байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды
20
наурыз
2025
Лицей оқушысы Республикалық “Абай оқулары” байқауына қатысып, жүлделі
10 “В” сынып оқушысы Оралбайұлы Жәнібек Астана қаласында өткен Республикалық “Абай оқулары” байқауына қатысып, жүлделі орынға ие болды