Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 31
Лицей мұғалімдері “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының модераторы болды
19
желтоқсан
2024
Лицей мұғалімдері “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының модераторы
“Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған дәстүрлі “Үздік авторлық бағдарлама” байқауының республикалық кезеңінде модератор болған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы және география пәнінің мұғалімі Естемесова Айнұр Тургумбекқызы “Дарын” РҒПО-ның сертификатына ие болды. Құттықтаймыз!
Әлем аренасындағы Қазақстан мақтанышы!
18
желтоқсан
2024
Әлем аренасындағы Қазақстан мақтанышы!
Әлем аренасындағы Қазақстан мақтанышы! 2024 жылдың 14-15 желтоқсанында Үндістан елінің Нью-Дели қаласында 30 елден 6000 қатысушы бас қосып, чемпиондарымыз Қазақстанның атын әлемге асқақтатты. Жас дарындар UCMAS International Competition 2024 аясындағы Visual Competition байқауында өз санаттары бойынша алтын кубоктарды World Cup командалық жарыста қола кубокты жеңіп алды. Қатысушылар өз жеңістерін мақтанышпен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арнады. Лицейіміздің батыры: • Жұмаш
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
16
желтоқсан
2024
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
16 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын! Тәуелсіздік-еліміздің еркіндігі мен болашығының кепілі.Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын!
Бүгін лицейімізде Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әсерлі концерт өтті
13
желтоқсан
2024
Бүгін лицейімізде Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әсерлі концерт
Бүгін лицейімізде Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған әсерлі концерт өтті. Шара барысында оқушылар мен ұстаздар еліміздің тарихына шолу жасап, патриоттық әндер мен өлеңдер орындады. Концертте ұлттық би қойылымдары көрсетіліп, Тәуелсіздіктің маңыздылығы мен құндылығы туралы мазмұнды көріністер ұсынылды. Бұл мереке барша қатысушылардың жүрегіне мақтаныш пен патриотизм сезімін ұялатты.🇰🇿🇰🇿🇰🇿
«Жеке бас гигиенасы» тақырыбында жиналыс өтті
13
желтоқсан
2024
«Жеке бас гигиенасы» тақырыбында жиналыс өтті
12.12.2024ж күні 5-7 сынып қыздарына арналған «Жеке бас гигиенасы» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналыс барысында тазалық пен денсаулықты сақтау ережелері, гигиенаның күнделікті өмірдегі маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Жиналыс қыздардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарау әдетін қалыптастыруға бағытталды. Ұйымдастырушы: Оміртай Алтынгуль Оміртаевна врач педиатр ПМСП Алмалинского р-н
“Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
11
желтоқсан
2024
“Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары
9 желтоқсан күні лицейімізде “Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым” тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары барысында оқушылар Қазақстанның тәуелсіздік тарихы, елдің жетістіктері мен құндылықтары туралы ой бөлісіп, патриоттық рухта сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, “Мен өмірді сүйемін” тақырыбында шағын эссе жазып, өмірдің мәні мен сұлулығы, өз армандары мен болашаққа деген үміттері жайлы әсерлі ойларын жеткізді. Бұл іс-шара оқушылардың бойында отансүйгіштік пен өмірге деген
“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті
11
желтоқсан
2024
“Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі
09.12.2024ж күні лицейімізде оқушыларды “Жас Ұлан” бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты шара барысында оқушылар патриоттық рух пен ұйымның басты құндылықтарын ұстана отырып, Отанға адал болуға және білім мен белсенділікке ұмтылуға ант берді. Бұл қабылдау жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыруға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында жиналыс
10
желтоқсан
2024
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында жиналыс
“Зорлық-зомбылыққа жол жоқ” тақырыбы аясында түрлі жиналыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты – қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, оған қарсы күрестің тиімді жолдарын талқылау және адамдардың құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру. Өткізушілер: полиция капитаны - Аяғанов.К.К, полиция аға лейтенанты - Тұратай.А.Б
«Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференция
10
желтоқсан
2024
«Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференция
Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы онлайн конференцияға лицей оқушылары Zoom платформасы арқылы қатысып отыр. Семинардың мақсаты – оқушыларға қыс мезгіліндегі табиғи қауіп-қатерлер туралы ақпарат беру, қар көшкінінің пайда болу себептері мен оның алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Ашық сабақтар айлығы
09
желтоқсан
2024
Ашық сабақтар айлығы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Динабекова Алина Айбековнаның 5 “а” сыныбымен өткізген ашық сабақ бейнеролигі. 🔹Ашық сабақ жоғары деңгейде өтілді. Заманауи әдістер, сандық технологиялар, оқушылардың қызығушылығын арттыратын функционалдық тапсырмалар ұсынылды. Мұғалім оқу мақсатына толық жетіп, оқушылар тамаша кері байланыс орнатты.