Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 8
«Адамға көмек – ізгілік нышаны» атты тәрбие сағаты өткізілді
09
қараша
2025
«Адамға көмек – ізгілік нышаны» атты тәрбие сағаты өткізілді
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Адамға көмек – ізгілік нышаны» атты тәрбие сағаты өткізілді. 🤝 Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мейірімділікке, жанашырлыққа, бір-біріне көмек қолын соза білуге тәрбиелеу. Сабақ барысында оқушылар «көмек» ұғымының мәнін талқылап, өмірден алынған мысалдар келтіріп, қайырымдылық пен өзара сыйластықтың маңыздылығын түсінді. Тәрбие сағаты оқушылардың бойында адамгершілік, қамқорлық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. 💫
«Жеке қауіпсіздік – әркімнің өз қолында» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
09
қараша
2025
«Жеке қауіпсіздік – әркімнің өз қолында» тақырыбында тәрбие сағаты
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде «Жеке қауіпсіздік – әркімнің өз қолында» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 🚸 Іс-шараның мақсаты – оқушыларға жеке қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, төтенше жағдайлардан қорғану жолдарын үйрету және күнделікті өмірде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар қауіпсіздік туралы бейнематериалдар көріп, түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету тәсілдерін талқылады. Мұғалімдер мен сынып жетекшілері оқушылардың
«Адал азамат – ел болашағы» атты тәрбие сағаты өтті.
09
қараша
2025
«Адал азамат – ел болашағы» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, туған еліне адал қызмет ететін, саналы да парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар адалдық туралы ой бөлісіп, өмірлік мысалдар келтіріп, бейнероликтер мен көріністер арқылы өз көзқарастарын білдірді. Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы лицейімізде елжанды, әділ, адал азамат тәрбиелеу бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуда. 🇰🇿
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
09
қараша
2025
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 11 «В» сынып оқушысы Маршалхан Нұртілек Астана қаласында өткен жиу-джитсу чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, І орынға ие болды! 🏆 Бұл жеңіс – талмай еңбектенудің, табандылық пен ерік-жігердің нәтижесі. Лицей ұжымы Нұртілекті жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік жетістіктер мен сәттіліктер тілейді
Күзгі демалыс – пайдалы демалыс!
09
қараша
2025
Күзгі демалыс – пайдалы демалыс!
Күзгі каникул кезінде С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Демалыста кітап оқимыз» атты акция өтті. Акцияның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, бос уақыттарын тиімді өткізу және оқу мәдениетін қалыптастыру болды. Демалыс күндері лицейдің барлық оқушылары сүйікті кітаптарын оқып, алған әсерлерімен бөлісті. Кейбір сыныптарда оқушылар өзара шағын пікірталастар мен кітап талқылауларын ұйымдастырды. 📖 Кітап – ең сенімді серік, ал білім – ең құнды қазына!
Лицейде күзгі демалыс кезінде 9–10 сынып оқушылары мен мұғалімдер бірлесіп лицей ауласында тазалық жұмысы жүргізілді
09
қараша
2025
Лицейде күзгі демалыс кезінде 9–10 сынып оқушылары мен мұғалімдер
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде күзгі демалыс кезінде 9–10 сынып оқушылары мен мұғалімдер бірлесіп лицей ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл шараның мақсаты — оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және лицей ауласын таза ұстауға баулу. 🌿 Осындай ұжымдық еңбек оқушылардың бірлігі мен жауапкершілігін нығайтып, үлгі боларлық дәстүрге айналып келеді.
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде 1-тоқсанның күзгі демалысы аясында ұстаздар арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
09
қараша
2025
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде 1-тоқсанның
 С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде 1-тоқсанның күзгі демалысы аясында ұстаздар арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты — ұжымдық бірлікті арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді демалыс өткізу болды. Жарыс жоғары көңіл күйде өтіп, әр команда өз шеберліктерін көрсетіп, тамаша ойын өрнегін ұсынды. Ұстаздар арасындағы осындай спорттық шаралар ұжымның ынтымағын нығайтып, сергектік пен жақсы көңіл-күй сыйлайды! 
”STEM - оқуының маңызы мен философиясы” атты мектепішілік семинар ұйымдастырылып өткізілді.
09
қараша
2025
”STEM - оқуының маңызы мен философиясы” атты мектепішілік семинар
2025 жылдың 28 қазанында ШЕТЕЛ ТАҒЫЛЫМДАМАСЫ бойынша ”STEM - оқуының маңызы мен философиясы” атты мектепішілік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға қатысушылар: *математика, физика, биология, география, химия* пән мұғалімдері. Семинарды өткізуге жауапты: Оңтүстік Корея, Жапония, Сигнапур елдерінен 2025 жылдың тамыз айында тағылымдамадан өтіп келген ӨМІРЗАҚ МАҒЖАН ҚАЛЫМЖАНҰЛЫ Семинарда STEM, STEAM, STREAM әдістері бойынша ұжымнан құралған 5 топқа арнайы жаттыгулар бере отырып, практикалық
Республика күніне арналған көрме
30
қазан
2025
Республика күніне арналған көрме
Республика күніне арналған көрме 🇰🇿 С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде Республика күніне орай жас суретшілердің шығармашылығына арналған көрме өтті. 🎨 Көрмеде оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық рухын бейнелейтін туындылары қойылды. Әрбір шығарма — Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншіліктің көрінісі болды. Осындай іс-шаралар арқылы лицей оқушылары өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап қана қоймай, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңызын сезінді.
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ” атағына ие болды!
30
қазан
2025
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ” атағына ие болды!
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі АМАНОВ НҰРЖІГІТ БЕРДІБЕКҰЛЫ 2025 жылдың шілде айынан басталған “Үздік педагог” байқауының аудандық, қалалық кезеңінің жеңімпазы бүгінгі күні Астана қаласында өткен салтанатты марапатттау жиынында байқаудың республикалық кезеңінің “ҮЗДІК ПЕДАГОГ” атағына ие болды! Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ж. Сүлейменова “Үздік педагог” атағын ұсынып, төсбелгімен марапаттады. Ұстазымыздың мерейі үстем болсын! Ұстаздың мерейін өсіріп, мәртебесін үстем