Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 87
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегерлері
14
қараша
2022
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жүлдегерлері
Алматы қаласы «Өрлеу» БАҰО тарапынан ұйымдастырылған «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына лицейіміздің ұстаздары Айжан Жұмақынқызы мен Ардақ Мұратқызы қатысып, Айжан Жұмақынқызы 1-орын, Ардақ Мұратқызы 2-орын иеленді және Айжан Жұмақынқызы республикалық кезеңге өтті. Құттықтаймыз!!!
Геометрия пәнінен Халықаралық «IX Иран олимпиадасы» жүлдегерлері
11
қараша
2022
Геометрия пәнінен Халықаралық «IX Иран олимпиадасы» жүлдегерлері
14 қазан күні 📈геометрия пәнінен Халықаралық «IX Иран олимпиадасы» өтіп, лицейіміздің оқушылары жүлделі орын иеленді: 📎8-сынып Қайрат Аружан II-орын 📎8-сынып Әуезхан Таир ІІ-орын 📎9-сынып Дидарбекова Анар ІІІ-орын 📎11-сынып Бакиров Мирас ІІІ орын 📎11-сынып Рысаков Салават ІІІ -орын 📎11-сынып Даниял Темірлан ІІІ-орын
Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс
09
қараша
2022
Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс
Көптеген зерттеулер жаңа піскен көкөністер ағзаның жалпы жағдайына, көңіл күйіне және сыртқы келбетіне жағымды әсер ететінін дәлелдеп отыр. Көкөністер созылмалы аурулар қаупін төмендетеді. Олардың ағзаға жетіспеуі күйзелістің пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдай орын алмас үшін күніне 5 көкөністен аз жемеу керек. Сондай-ақ, көкөністерді балғын түрінде немесе буға піскен күйінде жеу маңызды. Кез келген адамның тамақтану үлесінде (рацион) болуы керек көкөністерді ұсынамыз. Ең пайдалы көкөністер:
Пайдалы тағамдар
09
қараша
2022
Пайдалы тағамдар
Денсаулық мықты болу үшін пайдалы тағамдармен тамақтану керек. Пайдалы тағамдар кешенді және арнайы деп бөлінеді. Бұл жолы назарларыңызға әр ағзаға өзінше пайдалы болатын тағам түрлерін ұсынамыз. Миға: Арқан балық, тунец, сардина мен грек жаңғағы. Бұлшық еттерге: жұмыртқа, соя сыры, қызыл балық. Ал бұлшық еттеріңіз ауырса банан жеген дұрыс. Өкпеге: брокколи, брюссель орамжапырағы, қытай орамжапырағы. Теріге: қаражидек, лосось, көк шай. Шашқа: қара-жасыл көкөністер, фасоль, лосось. Көзге:
«Баланы жаңа әдістер арқылы тәрбиелеу»
08
қараша
2022
«Баланы жаңа әдістер арқылы тәрбиелеу»
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Жамали Төлегенұлы және Рита Бекетқызы лицей сынып жетекшілеріне арналған 🟡«Баланы жаңа әдістер арқылы тәрбиелеу» тақырыбындағы семинарын өтті. Сонымен қатар лицей психологі Магзумова Н. жаңа заман балаларының психологиясы туралы тақырыпты қозғап, тренинг өткізді. Семинардың басы ерекше амандасумен (әр елдің) басталып, топтық жұмыспен жалғасты және соңы рефлексиямен, сынып жетекшілердің алған
«Үздік педагог» конкурсынан 1-орын!
27
қазан
2022
«Үздік педагог» конкурсынан 1-орын!
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген (2022 жылғы тамыздағы №355 бұйрығымен өзгерістер енгізілді) 🔰«Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес ағымдағы жылдың қыркүйек, қазан айларында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. 🏫С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сеитова Г.А. жоғары нәтижемен 1-орын иеленіп, қалалық кезеңге жолдама алды және Медеу ауданы әкімінің арнайы сыйлығын алды.
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті сайланды!
18
қазан
2022
Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президенті сайланды!
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей, 2022-2023 оқу жылының өзін-өзі басқару, лицей Парламентінің Президентін сайлауы дәстүрлі форматта өтіп, 146 дауыс жинаған ✔️Коробай Еркебұлан 10 «ә» сынып оқушысы лицей Президенті атанды! Шын жүректен құттықтай отырып, жұмысыңызға сәттілік тілейміз!🙌🏻🇰🇿 ✅2021-2022 оқу жылының Президенті ✔️Ырысбек Нұрғалым мен Парламент мүшелеріне жасаған жұмыстарына алғысымызды білдіре отыра ҰБТ-жақсы тапсыруына тілектеспіз!
«Мұғалім-2022» спартакиадасында волейболдан әйелдер арасында 3-орын
17
қазан
2022
«Мұғалім-2022» спартакиадасында волейболдан әйелдер арасында 3-орын
Білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасындағы қалалық «Мұғалім-2022» спартакиадасында волейболдан әйелдер арасында лицейіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Эрнстова Роза қатысып 3-орын иеленді, құттықтаймыз!
Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінен 2 орын иеленді.
17
қазан
2022
Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінен 2 орын иеленді.
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей, 11 «В» сынып оқушысы Тузелбаева Алуа Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңінен 2 орын иеленді. Айта кетейік Президенттік олимпиада 4 пән бойынша математика, физика, химия, биология пәнінен өтеді. Жарайсың Алуа біз сені құттықтаймыз!