Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 17
“Математикалық регата” республикалық олимпиадаcының жүлдегерлері
29
наурыз
2023
“Математикалық регата” республикалық олимпиадаcының жүлдегерлері
Математика мұғалімдері арасында өткізілген “Математикалық регата” республикалық олимпиададан Алматы қаласының командасы 1-орынды иеленді, 4 мұғалімнен құралған команданың 2 мұғалімі С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің мұғалімдері:Кабаев Мерей, Асқар Аманжол. 
С.А.Қожықовтың 100 жылдық мерейтойына орай гала концерт
27
наурыз
2023
С.А.Қожықовтың 100 жылдық мерейтойына орай гала концерт
Лицейімізге қазақтың алғаш режиссері С.А.Қожықовтың аты берілген. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Наурыздың 10-шы жұлдызында режиссердің 100 жылдық мерейтойының жабылу гала концерті лицейімізде өтілді🎉 Гала концертке арнайы қонақ ретінде “Қазақфильм”киностудиясының актёрлары, және де Алмалы ауданының 29 мектебінің директорлары шақыртылды. Қонақтар С.А.Қожықовтың балалық шағынан ересек шағына дейінгі көріністі тамашалап, көріністі өте жоғары деңгейде бағалады. Сондай-ақ көрініс жақын арада М.Әуезов
Лицейімізде наурыз мерекесінің аталып өтуі
27
наурыз
2023
Лицейімізде наурыз мерекесінің аталып өтуі
Ұлыстың ұлы күні, күн мен түн теңескен күн - Наурыз мерекесі лицейімізде де аталып өтілді. Наурыз - парсы тілінен аударғанда “жаңа күн” деген мағына білдіреді☀️. Жаңа жылымызды қарсы алудағы мереке 6 ”Б”, 9 ”Ә” және 10 “А” сыныптарының ұйымдастыруымен өткізілді. Мерекелік концерт ерекше форматта өтілгенін де атап өтуіміз керек: концерт қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеу мақсатында - көрісу, бастаңғы салттарын сахнада көрсетуімен ерекшеленді. Оқушылар өнері мен талантының арқасында
"QAZAQSHA COMICS" байқауының жеңімпаздары
27
наурыз
2023
"QAZAQSHA COMICS" байқауының жеңімпаздары
Наурыз айының 01-10 күндері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Дюсебаева Анар Ақанқызы мен Сейткулова Фариза Жаханқызының ұйымдастыруымен Сұлтан-Ахмет Қожықовтың 100 жылдық мерейтойына орай лицейіміздің 7-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған Қыз-Жібек кинофилімінің сюжетіне арналған "QAZAQSHA COMICS" байқауы өз мәресіне жетті! Байқау нәтижесі: 🏆Бас жүлде 7 "Ә" сынып оқушылары 🥇І орын 7 "Б" сынып оқушылары 🥈ІІ орын 7 "А" сынып оқушылары 🥉ІІІ орын 7 "В" сынып оқушылары Байқаудың
“Дарынды оқушыға - талантты ұстаз”, “Педагогикалық идеялар фестивалі” Республикалық байқауларының жеңімпаздары!
17
наурыз
2023
“Дарынды оқушыға - талантты ұстаз”, “Педагогикалық идеялар фестивалі”
Жас маман, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Шоханова Тоғжан Асқарқызы “Дарынды оқушыға - талантты ұстаз” Республикалық байқауында 3-орынды иеленіп, “Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды. Сондай-ақ, физика пәнінің мұғалімі Алиева Айгуль Айбековна “Педагогикалық идеялар фестивалі” республикалық байқауына қатысып, іс-тәжірибесімен бөлісіп, “Дарын” РҒПО-ның грамотасымен марапатталды. Құттықтаймыз
"Алматы дарыны" гран-при жүлдесінің жеңімпазы!
17
наурыз
2023
"Алматы дарыны" гран-при жүлдесінің жеңімпазы!
"Алматы дарыны" дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен Каспий қоғамдық университеті бірігіп қала бойынша 9-сынып оқушылары арасында өткен көптілді қалалық олимпиадада Гран-при жүлдесін лицейіміздің 9 “А” сынып оқушысы Кенесары Жанет иеленді. Жанетті және жетекшісі Гүлбақыт Сыдықовнаны құттықтаймыз
«Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
16
наурыз
2023
«Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы
14 наурыз күні, сағат 16:00-де Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, кинорежиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың туғанына 100 жыл мерейтойына орай «Алтынның сынығы, асылдың тұяғы» атты Қожықовтар династиясы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. КӨРМЕ сәуір айының 11-не дейін жалғасады. Көрмеге Сұлтан-Ахмет Қоңырқожаұлының режиссерлік қызметі шығармашылығы мен өзінің
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы
16
наурыз
2023
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы
Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы 📍15.03.2023 ж. С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей кітапханасында 5-11 сынып оқушыларына Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай мектеп кітапханашысы Ақбердинова А.Е. оқушыларға Сұлтан Бейбарыс туралы көрме ұйымдастырып, тарихи деректермен таныстырылым өткізді. Мақсаты: Ата бабаларымыз сияқты еш бір қиыншылықтан қашпай, өзіне деген сенімін арттырып, жолда келетін әр сынақты жеңіп өту.
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақтан» қалалық олимпиадада 1-орын.
16
наурыз
2023
Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақтан» қалалық олимпиадада 1-орын.
Лицейіміздің 11 «б» сынып оқушысы Жазайбек Алихан Ұлттық ойын «Тоғызқұмалақтан» 9-11 сынып ұлдар арасындағы қалалық олимпиадада 1-орынды иеленді. Құттықтаймыз👍🏼👏👏👏 5-6 сәуірде Астана қаласында Республикалық деңгейде өтетін жарысқа жолдама алды. Сәттілік дегіміз келеді!!! 🇰🇿Жетекшісі: Эрнстова Р.
“Best Pit Award Finalist” жүлдесінің жеңімпаздары
09
наурыз
2023
“Best Pit Award Finalist” жүлдесінің жеңімпаздары
24-26 ақпан аралығында “USTEM Robotics-Казакстан және Орта Азия Робототехника дамыту” қоғамдық қоры ұйымдастырған “Central Asia FIRST Championship 2023” робототехника жарысының Республикалық кезеңінде С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандырылған лицейдің оқушылары FLL challenge 10-16 жас аралығыңдағы ең жоғары бәсеке ие категорияда 5-сынып бүлдіршіндері Тұрсын Батырхан, Құрманғали Данияр, Баймырза Данияр, Ғани Алинур, Муратов Мухамеджан 100 аса команда арасында “Best Pit Award Finalist” жүлдесін