Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 23
«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны
08
желтоқсан
2022
«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны
5 қазан күні  «Кітап оқы айдары» акциясы аясында «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны:   Кітап оқуды насихаттау,  оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар биылғы жылы ел болып  оқыды ұсынылған Ш. Құдайбердіұлының «Ұш анық», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармашыларының өзектілігі  мен маңыздылығы, тәрбиелік
«Бірге кітап оқиық» атты эстафета өтті.
08
желтоқсан
2022
«Бірге кітап оқиық» атты эстафета өтті.
  2022 жылдың 7- желтоқсан   күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында 5-7 сынып оқушылары арасында «Бірге кітап оқиық» эстафетасы өтті. Эстафета мақсаты- оқушылар арасында кітап оқуға деген құштарлығын арттыра отырып қызығушылығы мен махаббатын ояту.  5 А сынып оқушылары Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесін таңдап, оқып, талдап келесі эстафета таяқшасын 5  Б  сынып оқушыларына тапсырды.
ҚР спорт шеберімен кездесу.
08
желтоқсан
2022
ҚР спорт шеберімен кездесу.
02.12.2022 лицейімізде танымал тұлғамен кездесу өтті.Ал қонағымыз Қазақстан Республикасының спорт шебері,бірнеше дүркін әлем чемпионы - Кебіспаев Алмат Қабдрешұлы. Кездесуде оқушыларды қызықтырған сұрақтар қойылып соңы 5 «Г» сынып оқушылары дайындаған концерттік номермен жалғасты!
XIV халықаралық Еуразия олимпиадасынан III дәрежелі диплом
07
желтоқсан
2022
XIV халықаралық Еуразия олимпиадасынан III дәрежелі диплом
2022 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында информатика пәнінен оқушылар арасында XIV халықаралық Еуразия олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғыстан, Өзбекістан, Тәжікстан мемлекеттерінен 50 команда қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушысы Муханбеткалиев Дастан 🥉қола медалімен және III дәрежелі дипломмен марапатталды!
Ғылыми жоба жетекшілерін мектепішілік марапаттау
07
желтоқсан
2022
Ғылыми жоба жетекшілерін мектепішілік марапаттау
Қалалық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарын, ғылыми жетекшілерін мектепішілік марапаттау сәті
“Үздік педагог-2022” байқауынан 1-орын
07
желтоқсан
2022
“Үздік педагог-2022” байқауынан 1-орын
Математика пәнінің мұғалімі Сеитова Гүлжан Атабекқызы қыркүйек-қазан айларында өткен республикалық “Үздік педагог-2022” байқауының аудандық кезеңінің 1-орынды иеленіп, байқаудың қалалық кезеңіне қатысып, 2022 жылдың 2-желтоқсанында қалалық байқаудың салтанатты қорытынды марапаттау іс-шарасына қатысып, арнайы сертификатты иеленді.
«Елбасы медалі» иегері
02
желтоқсан
2022
«Елбасы медалі» иегері
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 10 «ә» сынып оқушысы Әбілханова Мадина «Елбасы медалі» иегері атанды, құттықтаймыз!
“Финляндия- Ақ лалагүлдер мекені” атты тақырыбында TED’x жобасы саясында пікірталас
02
желтоқсан
2022
“Финляндия- Ақ лалагүлдер мекені” атты тақырыбында TED’x жобасы
30.11 күні кітап оқудан тарих пәні мұғалімі Утенова Мадина Жамаладиновна 9”А” сыныбымен пікірталас ұйымдастырды.Бұл пікірталас TED’x жобасы саясында өткізілді.Оқушылар “Финляндия- Ақ лалагүлдер мекені” атты кітапты оқып, Финляндия мемлекетіндегі оқу саласы мен Қазақстандағы оқу саласын салыстырды.
Біз қоршаған ортаны қорғаймыз!
30
қараша
2022
Біз қоршаған ортаны қорғаймыз!
Құрметті оқушылар! Біз қоршаған ортаны,табиғатты қорғау мақсатында арнайы 2 қоқыс жәшіктерін қойдық🗑️ Бірі макулатураға арналған болса,екіншісі пластикке арналған. Қазіргі таңда адамзат табиғаттың көптеген ресурстарын пайдаланып жатыр.♻️ Ал ол ресурстар сарқылады. Табиғатты сақтап қалу мақсатында,біз,яғни адамзат әрекет етуіміз керек.🦸 Ал соның бірі қарапайым қоқыстарды бөліп, жинап,оны қайта өткізу. Оқушылар,сіздерден сұрайтынымыз-шыққан қоқыстарыңызды бөліп,осы 2 қоқыс жәшіктеріне салу.
“Әуенді күн”(Musical day)
30
қараша
2022
“Әуенді күн”(Musical day)
Құрметті оқушылар! Бізде жақсы жаңалық бар) Сіздердің қалауларыңызбен әр бейсенбі біздің мектепте “Әуенді күн”(Musical day) өткізілетін болады.Ол күні әртүрлі қазақша өлеңдерді үзіліс кезінде қосамыз. Егер де жақсы әуендерді білсеңіздер,өз ойларыңызбен бөлісе кетіңіздер!