Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 31
Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысының 3 жылғы қорытынды сараптамасы және 5 жылға арналған даму жоспары туралы
11
қыркүйек
2021
Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысының 3 жылғы қорытынды сараптамасы
             Лицейдің ғылыми-әдістемелік жұмысы ұстаздардың сапалы білім беру жағдайын жақсартуда соңғы 5 жылда «Мектептің инновациялық ортасын дамытуда оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білімнің мазмұнына сай шығармашылық ортаны қалыптастыру, сапалы білім беруді жүзеге асыру» әдістемелік тақырыбымен жұмыс істеп, 2021 жылдың 31 тамызында педагогикалық кеңесте 2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдары бойынша мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ДҒӘІЖ
Біздің оқушылар - "Qazaqstan" арнасында
11
қыркүйек
2021
Біздің оқушылар - "Qazaqstan" арнасында
"QAZAQSTAN"  ұлттық арнасында "DARYN"  орталығының ұйымдастырылуымен  өткен "DARYN" телеолимпиадасына лицейіміздің оқушылары Арғынбаева Айдана мен Шәкірт Ақзере қатысты. Республикамыздың әр өңірінен жиналған білімді оқушылардың арасынан  Арғынбаева Айдана апталық ойынның жеңімпазы болса, Шәкірт Ақзере маусымдық ойынның үздігі атанды. Оқушыларымыз арнайы алғыс хаттармен және  сертификаттармен марапатталынды. Оқушыларға жетекшілік еткен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рита Бекетовнаға
Марапат: Латыпов Құдайберген
02
қыркүйек
2021
Марапат: Латыпов Құдайберген
    Лицейдің білімді де, білікті ұстазы, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Латыпов Құдайберген білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі  елеулі еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миинистрлігінің "Алғыс хатымен" марапатталды. Құттықтаймыз!
Марапат: Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна
02
қыркүйек
2021
Марапат: Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна
         Музыка және  өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муханбеталиева Нурзия Есимгалиевна "Өзін-өзі тану" пәні бойынша өткен оқу жылында бейнесабақтардың мазмұнын әзірлеуге және түсіріліміне қатысқаны үшін "Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының" Алғыс хатымен марапатталды. Ұстаз еңбегі әркезде де бағалы, жоғары бағаланып келеді. Мәртебелі ұстазымыз Нурзия Есимгалиевнаға еңбегіңіз жемісті, толағай табысты бола берсін демекпіз!
Республикалық  ЖББ пәндер олимпиадасы
19
мамыр
2021
Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасы
9 "А"сынып оқушысы Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасында информатика пәнінен 3-орынды иеленіп, қола медаль иегері атанды. Ата-анасына алғыс білдіре отырып, лицей абыройын көтерген Дастанға зор табыс тілеп, үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!!!
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
19
мамыр
2021
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
Сәуір айында өткен қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары информатикадан 8 сынып оқушысы Жексенов Арманжан, 2-орын, жетекшісі Бекбергенова Б.С., 7 сынып оқушысы Қозыбек Аружан 3-орын, жетекшісі Малыбаева Г.А., сондай-ақ, биология пәнінен 7 сынып оқушысы Рахманәлі Аружан "Құрмет грамотасымен" марапатталды, жетекшісі Мақсот А.Б. Құттықтаймыз!!!
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
11
мамыр
2021
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
Лицейдің 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасына қатысып, 3-орынды иеленді. Жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі К.А.Сеитова. Құттықтаймыз!
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасы
10
мамыр
2021
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасы
Қалалық "Алтын түлек" олимпиадасына лицейдің 10 сынып оқушылары қатысып, Окенов Ильяс 2-ші орынды иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен және 10000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр грамотамен марапатталды. "Алтын түлек" олимпиадасының қалалық кезеңінің 3-орын жеңімпазы С.А.Ходжиков атындағы#39 мамандандырылған лицей атанды. Құттықтаймыз!!!
SRSS және SROC jump ROPE номинациясы
03
мамыр
2021
SRSS және SROC jump ROPE номинациясы
Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушылары арасындағы жарыста лицейдің 9 А сынып оқушысы Абибулла Сәнім SRSS және SROC jump ROPE номинациясы бойынша 2 орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"Алмалы-39" бастауыш партия ұйымы
03
мамыр
2021
"Алмалы-39" бастауыш партия ұйымы
Бүгін "Нұр Отан" партиясының Алматы қаласы Алмалы аумақтық филиалы "Алмалы-39" бастауыш партия ұйымында саяси кеңес мүшелерінің қатысуымен онлайн форматта жиналыс өтті. күн тәртібінде бастауыш партия ұйымының 2019-2020 жж.атқарылған жұмыстары туралы есебі және алдағы міндеттері тыңдалды, сонымен қатар БПҰ төрағалары сайланып, аудандық филиалдың алдағы ХХІ есеп беру-сайлау коференциясына делегаттар ұсынылды.