Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Алматы жыл мұғалімі" конкурсы
28
сәуір
2021
"Алматы жыл мұғалімі" конкурсы
Лицейдің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі-Аманов Нұржігіт Бердібекұлы аудандық "Алматы жыл мұғалімі" конкурсының бас жүлдесіне ие болды. Нұржігіт Бердібекұлын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, қалалық кезеңде сәттілік тілейміз!
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
14
сәуір
2021
Республикалық ғылыми жоба конкурсы
2021жылдың 10-12 ақпан айында өткен Республикалық ғылыми жоба конкурсына жүлдегерлерді дайындағаны үшін география пәнінің мұғалімі А.Т.Естемесова, информатика пәнінің мұғалімдері Н.Т Маликова, Г.Т. Тулемисова және математика пәнінің мұғалімі Г.Б.Молдаханова "Дарын" Республикалық орталығының "Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын.
"Алматы жыл мұғалімі - 2021" байқауы
26
наурыз
2021
"Алматы жыл мұғалімі - 2021" байқауы
2021 жылдың 26 наурызында мектепішілік "Алматы жыл мұғалімі - 2021" байқауы өткізілді. Кафедра жетекшілері және ұжыммен байқау Ережесімен жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 4 мұғалім қатысты. Нәтижесінде, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы бас жүлдені иеленді. Әкім грантына музыка және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Муханбеталиева Нурзия Есімғалиқызы педагогикалық жоғары деңгейдегі біліктілігімен танылып, мектепішілік конкурстық комиссия шешімімен
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты қалалық Мұқағали оқулары
11
наурыз
2021
"Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты қалалық Мұқағали оқулары
5-11 сыныптар аралығында өткізілген М.Мақатаевтың 90 жылдығына орай "Жалғасы бар, Жырымның жалғасы бар" атты қалалық Мұқағали оқуларына қатысқан 6-сынып оқушысы Парух Аяна 1-орын, 5-сынып оқушысы Масымхан Саламат 2-орын, 9-сынып оқушысы Берік Аяулым 3-орындарды иеленіп, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Оқушыларын жан-жақты дайындап, жетекшілік еткен ұстаздар: қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Баимбетова Р.А., Динабекова А.А., Караева Н. Марапаттар құтты болсын.
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
24
ақпан
2021
"Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауы
Лицейдің 5 А сынып оқушысы Исабек Амаль Республикалық "Зерде" желілік басылымының шығармашылық байқауында мәнерлеп оқу бағыты бойынша қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.А. Динабекова. Құттықтаймыз!!!
Халықаралық IMPACT олимпиадасының тренерлер лигасы
30
қаңтар
2021
Халықаралық IMPACT олимпиадасының тренерлер лигасы
Математика пәнінен олимпиадалық резерв тренер-мұғалімі Кабаев Мерей Куанышкалиевич мұғалімдер және тренерлерлерге арналған Халықаралық IMPACT олимпиадасының тренерлер лигасына қатысып, 3-ші орынды иеленді. Мерей Куанышкалиевич шәкірттерін баулып, жетістіктерге жеткізумен қатар, үнемі өзінің кәсіби шыңдалуына аса көңіл бөліп, олимпиадаларға қатысып, жоғары нәтижелерді көрсетуде.
"Ұстаздар қауымы" тоғызқұмалақ ойыны
26
қаңтар
2021
"Ұстаздар қауымы" тоғызқұмалақ ойыны
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Айнабекова Гүлсім Нұрланқызы қала бойынша өткізілген "Ұстаздар қауымы" тоғызқұмалақ ойыны жарысынан 3-орынды иеленіп, Алматы қпоасы спорт Басқармасының ІІІ дәрежелі Дипломымен марапатталды.
"Ақын Абайдан- хакім Абайға дейін" тақырыбындағы "Абайтану" кабинеттері, залдары мен мұражайлары
28
желтоқсан
2020
"Ақын Абайдан- хакім Абайға дейін" тақырыбындағы "Абайтану"
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы Білім басқармасы мен білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беру ұйымдарының арасында "Ақын Абайдан- хакім Абайға дейін" тақырыбындағы "Абайтану" кабинеттері, залдары мен мұражайлары қатысқан қалалық байқауға лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ұстазымызды шын жүректен
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
24
желтоқсан
2020
"Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауы
Лицейіміздің 5 сынып оқушысы Шаймұхамедов Арнұр "Ақ көгершін" балалар қорының ұйымдастыруымен өткен "Алтын дән" Республикалық балалар шығармашылығы фестиваль-байқауында І дәрежелі дипломант атанып, жеңілдік сертификатына ие болды. "Домбыра" үйірмесінің жетекшісі М.Б.Сақтағанов. Құттықтаймыз!!!!