Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бала барыс" чемпионы
05
ақпан
2022
"Бала барыс" чемпионы
Қазақ күресінен 2004-2012 жылдары аралығында туылған жасөспірімдер арасында “Бала барыс” турниринде 26 кг салмақ дәрежесінде 1- орын иегері 5 “А” сынып оқушысы Бекберген Нұрдаулет  марапатталды. Жеңісті күндеріміз көп болсын!!! Құттықтаймыз🤼🤗
"Дарабоз" дебат ұйымының мүшелері аудандық кезеңнен өтті!
01
ақпан
2022
"Дарабоз" дебат ұйымының мүшелері аудандық кезеңнен өтті!
Лицейдің "Дарабоз" дебат ұйымы мүшелері, 10 "В" сынып оқушылары Ырысбек Нұрғалым және Аймагамбетов Алан "Ұшқыр ой алаңы" атты Республикалық дебат турнирінің аудандық кезеңіне қатысып, 1-ші орынды иеленді. Оқушылар дебат алаңында ұшқыр ой, терең білімдерімен көзге түсіп, Алмалы ауданы бойынша мектептер арасынан жоғарыдан көріне білді. Оқушыларымызға қалалық кезеңге қатысуларына сәттілік және жеңіс тілейміз. Құттықтаймыз!!! 
Елбасы медалі байқауының жеңімпаздары
29
желтоқсан
2021
Елбасы медалі байқауының жеңімпаздары
Лицейіміздің оқушылары “Елбасының қола медальі” иегері атанды. Атап айтсақ, Бекен Айгерім Думанқызы және Аргынбаева Айдана Медеуқызы өздерінің білімділігі мен еңбекқорлығының арқасында осындай нәтижеге қол жеткізді. Оқушыларымызға білім шыңында биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
"Туған елің - Қазақстан туралы білесің бе?" атты Республикалық балалар оқулары байқауы
19
қараша
2021
"Туған елің - Қазақстан туралы білесің бе?" атты Республикалық
Қалалық "Туған елің - Қазақстан туралы білесің бе?" атты Республикалық балалар оқулары байқауының 1-орын жүлдегері,  І дәрежелі Дипломның иегері 6 "А" сынып оқушысы Алатау Мақпал, жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі Косалбаева С.М., жеңістеріңіз еселене берсін, республикадан үздік деп танылуларыңызға тілектеспіз, 👍👏👏👏
Жасөспірімдер арасындағы каратэ WKF бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты
11
қараша
2021
Жасөспірімдер арасындағы каратэ WKF бойынша Қазақстан Республикасының
Қараша айының 7 жұлдызында WKF каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында 10-11 жас аралығында кумитэ бағдарламасында 35 салмақ дәрежесінде Мұрат Арлан І орынды иеленді. Құттықтаймыз! Толағай табыстар тілейміз! 
"Патриоттық рух - басты құндылық"
03
қараша
2021
"Патриоттық рух - басты құндылық"
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсанның 35 жылдығы аясындағы "ПАТРИОТТЫҚ РУХ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ" жобасы бойынша Желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін насихаттау мақсатында оқушылар арасында өткен аудандық "ҚАСИЕТТІ ДОМБЫРА" атты домбырамен ән айту, күй тарту шығармашылық байқауына қатысып "Мәнерлеп оқудан"  І орын иеленген - Маркс Алихан және ІІ орынды Есиркеев Жәңгір Әменұлы иеленді. 
"Сардар" олимпиадасы
19
мамыр
2021
"Сардар" олимпиадасы
11 А сынып оқушысы Даниал Әмірхан Республикалық кешенді "Сардар" олимпиадасының қалалық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, БАС жүлдеге ие болды. Жетекшісі Жүнісбек Сәкен Жұмаханұлы. Әмірханды шын жүректен құттықтаймыз!
Республикалық  ЖББ пәндер олимпиадасы
19
мамыр
2021
Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасы
9 "А"сынып оқушысы Республикалық ЖББ пәндер олимпиадасында информатика пәнінен 3-орынды иеленіп, қола медаль иегері атанды. Ата-анасына алғыс білдіре отырып, лицей абыройын көтерген Дастанға зор табыс тілеп, үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!!!
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
19
мамыр
2021
Қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары
Сәуір айында өткен қалалық жасөспірімдер (Юниор) олимпиадасының жеңімпаздары информатикадан 8 сынып оқушысы Жексенов Арманжан, 2-орын, жетекшісі Бекбергенова Б.С., 7 сынып оқушысы Қозыбек Аружан 3-орын, жетекшісі Малыбаева Г.А., сондай-ақ, биология пәнінен 7 сынып оқушысы Рахманәлі Аружан "Құрмет грамотасымен" марапатталды, жетекшісі Мақсот А.Б. Құттықтаймыз!!!
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
11
мамыр
2021
Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасы
Лицейдің 10 сынып оқушысы Арғынбаева Бибінұр Мәскеу физика-техникалық университетінің 60-шы дәстүрлі олимпиадасына қатысып, 3-орынды иеленді. Жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі К.А.Сеитова. Құттықтаймыз!