Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада
Қаазақстандық оқушы қыздар Еуропалық математикалық олимпиадада тағы да жарқын нәтиже көрсетті 🇰🇿Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан төрт бірдей медаль жеңіп алып, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді. Бұл жарқын жетістік еліміздің мықты математикалық мектебі бар мемлекет екенін тағы бір мәрте әлемге паш етті. 📍Биыл бұл беделді халықаралық байқау Приштина қаласында (Косово) өтті. Олимпиадаға әлемнің 52 елінен 219 оқушы қыздар қатысты.