Президент шыршасы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Президент шыршасы
26
желтоқсан
2022

Президент шыршасы

 2022 жылдың 25 желтоқсан күні Алматы қаласында "Балалар жылы" аясында Президент шыршасы өтті. Шырша мерекесіне тұрмысы төмен, жетім, оқу озаты мен дарынды және ерекше қажеттілігі бар 300 бала шақырылды.
Бұл мерекеге лицейіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Құрман Жақсылық қатысты. Балаларды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев құттықтады.  Іс-шара соңында балаларға Президент атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталды. Бағалы сыйлықтар балалардың көңілінен шықты. Президент шыршасы балаларға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.