08
маусым
2022
«Алматы БалаFest» шығармашылық фестивалі
Бүгін Алматы қаласында Халықаралық балалар күніне орай ұйымдастырылған «Алматы БалаFest» шығармашылық фестивалінің жабылуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Президент фестивальдің әрбір номинациясына арналған алаңдарына тоқтап, жеңімпаздардың өнерін тамашалап, сұхбаттасып, олардың жетістіктеріне көңілі толғанын байқатты. Әр баланың жүзінде бүгінгі мерекеде қуаныш көрдік, өз еңбектерінің бекер еместігін, қаншалықты маңызды екенін сезінді. 🔰39 лицей оқушылары Нұрғали Ерасыл шахматтан жүлделі 🏆lII-орын алса, Орынбасаров Алихан, Дүйсенбек Әли, Әшірбеков Дәурен, Сүлеймен Ескендір "IT ХАКАТОН" робототехника байқауынан жүлделі 🏆I-орын жеңімпазы атанып, Президенттің және Білім және Ғылым Министрі Асхат Аймағамбетовтың қолынан грамота алып, бағалы сыйлықтар иеленді. Оқушыларымыз мерекені балаларға арналғанын сезініп, керемет көңіл күймен қайтты!Бала жылы балаларымыздың таланттары қуантып, марқайтты. Осындай өнерлі де білімді шәкірттер көп болсын деп тілейміз.
Жетекшісі: Бекешов Канат Джиенбаевич ♟
Мустафин Сабыржан 🤖
#балаларжылы #балаларкүні

Жетекшісі: Бекешов Канат Джиенбаевич ♟
Мустафин Сабыржан 🤖
#балаларжылы #балаларкүні
