Оқушыларға арналған «DosbolLike» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде лицейдің әлеуметтік педагогы Советқанова Дина Рамазанқызының ұйымдастыруымен оқушыларға арналған «DosbolLike» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға достық қарым-қатынас, өзара сыйластық, әдептілік пен бір-біріне қолдау көрсету құндылықтары түсіндірілді. Сонымен қатар, заманауи қоғамдағы әлеуметтік желілер мәдениеті, буллингтің алдын алу, жағымды қарым-қатынас қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды.